A A- A+
KZ RU
Басты бет

Енгізілді: 22.05.2020Қаралғаны: 110 рет
Қызылорда: Шалғай ауылдарға жоғары жылдамдықты интернет орнатылады

Елімізде жыл соңына дейін 250-ден астам адам тұратын  ауылдарды жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамту жоспарлануда. Осы орайда, Қызылорда облысының  96 ауылдық елді мекеніне жоғары жылдамдықты байланыс желісі салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Юлия Тремасова мәлімдеді.

«Облыстағы шалғай ауылдарға талшықты-оптикалы желі орнатылады. Бұл елді мекендерді жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етіп, ұялы байланыс операторларына өздерінің базалық станцияларын орнатады. Сондай-ақ, ұялы операторлар 3G/4G технологияларын қолданады.

Сонымен қатар, аймақта соңғы екі жылда «Цифрлы Қазақстан» және «Ақылды қалалар» эталондық стандарты мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 50-ге жуық жоба іске асырылды. Бұдан бөлек, «автоматтандырылған жүйелерді орнату» жобасы шеңберінде жылдамдық өлшегішті орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді Юлия Тремасова

Сондай-ақ, қалаішілік қоғамдық көліктерде электрондық билет жүйесі іске қосылғаннан кейін аялдамаларда ақпараттық тақта қою жоспарлануда.