A A- A+
KZ RU
Басты бет

Енгізілді: 30.09.2019Қаралғаны: 126 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА АВТОКӨЛІК ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҚОЛҒА ТҮСТІ

 

Kyzylorda-news.kz. Оқиға қыркүйек айының 26-нан 27-не қараған түні орын алған. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қала тұрғыны өзінің ауласында тұрған шетел автокөлігін біреу белгісіз бағытқа айдап кеткендігі жөнінде полицияға арызданған.

 

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 32 жастағы бұрын сотты болған Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.

 

«Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - делінген хабарламада.