A A- A+
KZ RU
Басты бет

Енгізілді: 11.09.2019Қаралғаны: 43 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ» ӨТЕДІ

 

14 қыркүйек күні сағат 10.00-де қалалық мәдени және демалыс паркінде, дәстүрлі «Денсаулық фестивалі» өтеді.

Шара барысында, медициналық қалашық (УЗИ, ЭКГ, флюро автокөлігі, глюкометр аппараттарының қызметі, қан қысымын анықтау, салмақ өлшеу, дәрігерлер кеңесі), «Денсаулық жәрмеңкесі» (салауатты және пайдалы тағамдар, денсаулыққа пайдалы тауарларының сатылым көрмесі) жүргізіледі.

«Қозғалыс бұл денсаулық!» ұранымен халық арасында спорттық жарыстар (арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру), йога жаттығулары, көпшілікке арналған көңілді концерттік номерлер орындалады.

Фестиваль жеңімпаздары түрлі номинациялармен марапатталады.