A A- A+
KZ RU
Басты бет

Енгізілді: 11.09.2019Қаралғаны: 49 рет
ФЕСТИВАЛЬ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

 

Сыр өңірінде өткен «Әр жүректе – туған жер!» өңірлік патриоттық ән арт-фестивалі өз мәресіне жетті. «Жастар жылы» аясында өткен фестивальға 5 облыстан және Нұр-Сұлтан қаласынан келген жас қызметкерлер өнерлерін көрсетті.

Композиторлар, вокалдық шеберлік оқытушылары, мәдениет қайраткерлері мен қызметкерлері қатарынан құрылған қазылар алқасы әншілік шеберлікке, таңдаған туындының мазмұндылығына, сахна мәдениетін ұстауына қарап қатысушыларға баға берді. Қазылар алқасының шешімімен дуэт номинациясы бойынша 1 орынды иеленген «Қазақ елі» әнін орындаған Атырау облысы  Полиция департаментінің қызметкерлері болса, «Қазақтың ұлымын» әнін орындаған Қызылорда облысының Полиция департаменті 2 орынды, Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 3 орынды еншіледі.

Трио номинациясы бойынша жеңіс тұғырынан Қызылорда облысының Полиция департаменті көрінсе, 2 орынды Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, 3 орынды Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті иеленді. Квартет номинациясында Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мен Қызылорда облысының Полиция департаменті үздік деп танылды.

Қарағанды, Тараз және Қызылорда қалаларында өткен өңірлік фестивальдердің жеңімпаздары Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында 2019 жылы 14-16 қазанда өтетін Республикалық қорытынды фестивальға қатысатын болады.