A A- A+
KZ RU
Басты бет

Енгізілді: 02.09.2019Қаралғаны: 114 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА «БАСТАУ» ЖОБАСЫНА ТЫҢДАУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

 

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы 2019 жылдың 6-7 қыркүйегінде «Бастау» жобасы бойынша тегін оқу курсына қабылдау үшін тестілеу өткізілетінін хабарлайды.

Жоба қала/аудан тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. 18 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтарды, өз бизнесін ашқысы келетін жұмыссыздарды, сондай-ақ бизнесті кеңейтуге мүдделі, жұмыс істейтін кәсіпкерлерді (3 жылға дейінгі) оқуға шақырады.

Жобаға қатысу үшін тесттілеуден өту қажет, оның нәтижесі бойынша топқа іріктеу жүргізіледі.

Толық ақпаратты кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Қызылорда қ., Желтоқсан көшесі, 12, телефон: 8/7242/400981, 400202 немесе www.atameken.kz.сайтынан алуға болады.