A A- A+
KZ RU
Басты бет

Енгізілді: 02.09.2019Қаралғаны: 116 рет
ҚАЛА ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВ 1 ҚЫРҚҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Кеше қаламыздың барлық білім ордаларында жаңа оқу жылы басталып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге алғашқы қоңырау соғылды.

Бұл бір ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. 1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн. 

Осындай қуанышты күні қала әкімі Н.Нәлібаев шаһарымыздағы Ә. Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейіне «Алғашқы қоңырау» күнімен құттықтап, ыстық лебізін білдіру үшін арнайы келді.

Биылғы жылы, Қызылорда қаласы бойынша жалпы білім беретін 54 мектепте 63 836 оқушы білім алады деп күтілуде.

Өткен жылмен салыстырғанда қаламыздағы оқушылар саны 5 216 оқушыға көбейді.