A A- A+
KZ RU
Басты бет

Енгізілді: 01.09.2019Өзгертілді: 02.09.2019Қаралғаны: 112 рет
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛДЫ

 

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Дәстүр бойынша оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер жаңа оқу жылын бірге бастау үшін мектеп ауласына жиналды. Қатысушыларды мектеп директоры Бақыт Жұматай құттықтап, өткен оқу жылы жетістіктермен ерекшеленгендігін айтты. Сонымен қатар, 158 түлектің сегізі Италия, Ресей және Венгрия университеттерінде оқуларын жалғастырады. 34 адам Назарбаев Университетінен шақырту алды. Қалған түлектер еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына түсті.