A A- A+
KZ RU
Басты бет

Енгізілді: 28.08.2019Өзгертілді: 28.08.2019Қаралғаны: 135 рет
ҚАЛАДА БРУЦЕЛЛЕЗ АУРУЫНЫҢ ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

Қаладағы ет және сүт өнімдерін сататын дүкендерге облыстық ветеринариялық зертхананың жылжымалы сараптамалық зертханасы және қала базарларындағы сараптама зертханасының ветеринар мамандары бақылау жасап, зертханалық сараптама актілерін беріп тексеріп тұрады. Бұл жұмыстарға күнделікті «қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» тарапынан ветеринар дәрігерлер бекітілген.
Ағымдағы жылы бруцеллез ауруына қарсы диагностикалық тексеру барысында 13258 бас МІҚ-дан, 10545 бас уақ малдан қан сынамасы алынып, облыстық ветеринариялық зертханаға серологиялық тексеруге жіберілді. Нәтижесінде бруцеллез ауруына 21 бас мүйізді ірі қара малдары, 9 бас уақ мал оң нәтиже берді. Ауру болып анықталған ірі қара мал мен уақ малдар жойылды. 
Сондықтан қала тұрғындарына бруцеллездің алдын алу мақсатында сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеміз. Бруцеллез қызбасының симптомдары байқалған жағдайда жедел тиісті шаралар қабылдап немесе «қалалық ветеринариялық станциясы» мамандарына хабар берулеріңізді сұраймыз.

Сала мамандарымен байланысу нөмірлері: 30-16-64, 30-26-62