A A- A+
KZ RU
Басты бет » Билік » Қызылорда қаласының әкімдігі

Халықпен жұмыс

Енгізілді: 28.02.2014Өзгертілді: 10.07.2019

1. Қызылорда қаласы әкімі аппаратында азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер:

1) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдауын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы. 2002 жылғы 4 қыркүйек N 974

2) «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

3) Қала әкімі Н.Нәлібаевқа өтініш жазу үлгілері

4) Өтініштерді Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы жіберу

 

2. Қызылорда қаласы әкімі аппаратында  жеке тұлғаларды және  заңды тұлғалардың өкілдерін  қабылдау кестесі  

Тегі, аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау күні мен уақыты

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлы

Қала әкімі

Айдың 2 және 4 аптасының Сәрсенбісі сағ. 15.00-ден - 17.00-ге дейін

Ы. Жақаев №16

26-21-44

2

Бердібаев Ерлан Құлахметұлы

Қала әкімінің орынбасары

Сейсенбі

сағ 15.00–ден – 17.00–ге дейін

Ы. Жақаев №16

26-15-44

3

Нұридинов Бектас Балғабайұлы

Қала әкімінің орынбасары

Бейсенбі

сағ 15.00–ден – 17.00–ге дейін

Ы. Жақаев №16

27-23-54

4

Қазбекова Мира Жомартқызы

Қала әкімінің орынбасары

Сәрсенбі

сағ 15.00–ден – 17.00–ге дейін

Ы. Жақаев №16

26-26-44

5

Рахметов Ғалымжан Өмірзақұлы

Қала әкімі аппаратының басшысы

Жұма

сағ 15.00–ден – 17.00–ге дейін

Ы. Жақаев №16

26-16-44

 

3.  Қала әкімі қала тұрғындарын мәселелеріне қарай жеке қабылдауды Қызылорда қаласы әкімдігі ғимаратында орналасқан «Құқық қорғау қызметі Орталығында» (одан әрі-Орталық) орнатылған кестеге сәйкес, әр айдың соңғы аптасының бейсенбі күні сағат 11:00-ден 12:00 аралығында жүргізетіндігін хабарлаймын. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі №16А.

Анықтама телефоны: 26-20-85; 27-00-81.

 

2019 жылдың ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралу барысы жөнінде ақпарат

Қызылорда қаласы әкімі аппаратына 2019 жылдың ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша 6637 жеке және заңды тұлғалардан өтініш келіп түсті

Жоғары органдардан келіп түскен 913 өтініш,оның ішінде:

- Нұр Отан – 176;

- Үкіметтің электронды порталы арқылы (ПЭП) - 141;

- Облыс әкімі аппаратынан - 955;

- Облыстық, қалалық прокуратура – 104;

- «Халықтық бақылау» жүйесі - 4;

- Қала әкімінің ресми блогы - 460;

Барлық келіп түскен өтініштерді қала әкімі және тиісті сала бойынша жетекшілік жасайтын сала басшылары қарап, өтініштер зерделеніп, орындалуына бақылау жүргізеді.

Қолданыстағы заңдылықтарда көрсетілген мерзім ішінде жауап әзірленіп, өтініш иесіне уақытылы жолдануда.

Көрсетілген мәселелер бойынша қажеттілікке сай тұрғын үй, әлеуметтік қамсыздандыру, коммуналдық шаруашылық, жер телімін сұрау және оны заңдастыру салаларын қамтитын өтініштер тұрақты түрде өзекті мәселе ретінде қалыптасып отыр.

Түскен өтініштердің негізгі бөлігі тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімін сұрау, жер мәселесі туралы - 2138, тұрғын үй беру - коммуналдық шаруашылық мәселелері/ауыз су, газ, электр энергиясы, жылу, жол мәселесі/- 2257, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша - 1296 және басқа мәселелер - 946.

Сонымен қатар, қала әкімі аппаратында бекітілген кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау тұрақты жүргізіледі.

Есепті кезеңде қала әкімінің жеке қабылдауына 1420 азамат, қала әкімінің орынбасарларына – 836 азамат болған. Жеке азаматтарды қабылдау кезінде басым бөлігі азаматтардан туындаған тұрғын үй бөлу жөнінде, коммуналдық шаруашылық, жер телімін бөлу, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері көтеріліп, қолданыстағы заңнамалар бойынша түсіндірмелер берілді. Жазбаша түрде уақытылы жауаптары жолданды.

Өтініш берушілердің көпшілігі - жұмыссыздар, тұрмысы төмен азаматтар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар немесе оларға теңестірілгендер. 

Қалалық бөлім басшылары мен қалаға қарасты кент және ауылдық округ әкімдері құжаттардың айналымының орындалуы барысына жеке жауапкершілікпен қарауға және орындаушылық тәртіптері жөнінде өз қызметкерлері арасында жиналыс өткізіп, апта сайын хаттардың орындалуына ақпарат беріп, сараптама жасап отырады.