A A- A+
KZ RU
Басты бет » Билік » Қызылорда қаласының әкімдігі

Қала әкімінің орынбасарлары

Енгізілді: 28.02.2014Өзгертілді: 20.08.2019

 

 

Бердібаев Ерлан Құлахметұлы

 

1963 жылы 13 мамырда Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ұлты  қазақ. Білімі  жоғары.

1984 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекторы ретінде бастаған.

1986-1987 жылдары – Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисі;

1987-1989 жылдары - Жаңақорған ауданының Кеңес ауылында №239 орта мектеп мұғалімі;

1989-1992 жылдары - Жаңақорған ауданының "Талап" кеңшарының аға экономисі;

1992-1996 жылдары - Жаңақорған ауданы әкімшілігі жанындағы экономикалық комитеттің бөлім меңгерушісі; қаржы бақылау комитетінің аға бақылаушысы, тексерушісі лауазымдарын атқарған;

1996-1998 жылдары – Қызылорда облыстық қаржы комитетінің аға бақылаушысы-тексерушісі;

1998-2009 жылдары - Облыстық салық полициясында жұмыс жасады;

2010-2014 жылдары - "Болашақ-Шиелі" оқу орталығының  директоры және геологиялық зерттеу экспедициясының №23 учаске бастығы лауазымдарын атқарған;

2014-2015 жылдары - "Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы, Қызылорда;

2015-2017 жылдары - "Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" КММ басшысы;

2017-2019 жылдары -"Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі әкімшілік -құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 

 

Нұридинов Бектас Балғабайұлы

1976 жылы 15 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Ұлты  қазақ. Білімі  жоғары.

1993 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты оқу орнына қабылданады.

1997 жылы Ы. Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда қаласы бойынша Салық бөлімінде аға маман ретінде бастаған.

Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінде бөлім бастығы, басқарма басшысы, Жаңақорған және Арал аудандары бойынша салық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Осы кезге дейін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

 

 

 

 

Қазбекова (Баймаханова) Мира Жомартқызы

 

Қазбекова (Баймаханова) Мира Жомартқызы, 1984 жылғы 7 қарашада Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған.

1991-2001 жылдары Қызылорда қаласы №1, 1 Май атындағы орта мектебінде оқыған.

2001-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Филология» факультетінің  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2005 жылғы тамызда «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау  және олардың біліктілігін  арттыру орталығы» облыстық баспасөз клубының маманы болып бастаған.

2005 2006 жылдары  - «Қала әкімі аппаратының» жетекші маманы - баспасөз хатшысы;

2006 -  2007 жылдары -  Облыстық ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ-тар мониторингі  бөлімінің  жетекші маманы;

2007 жылы облыс әкімі аппаратының бас маманы – баспасөз хатшысы; 2007 жылғы қазаннан облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы;

2008 жылы қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы;

2008 жылы қарашадан қала әкімінің баспасөз хатшысы-бас инспектор;

2009 жылы қала әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бастығы;

2010 жылы қала әкімі орынбасарының көмекшісі – бас инспектор;

2011-2017 жылдары - Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған;

2017 жылғы 8 қыркүйектен 2019 жылғы 16 қаңтарына дейін Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқарған.

2019 жылғы 17 қаңтарынан 20 мамырына дейін Қызылорда қаласы әкімдігінің аппарат басшысы лауазымын атқарды.

2019 жылдың 20 мамырынан бастап қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 

2012 жылдан бері тұрмыста. Жолдасы – Казбеков Галымжан Айдарбекович, 1977 ж.т. Отбасында үш бала тәрбиелеуде.    

­­­­­­