A A- A+
KZ RU
Басты бет » Бизнес » Инвесторлар үшін

Аумақтың инвестициялық потенциалы

Енгізілді: 25.02.2019Өзгертілді: 01.07.2019

Аумақтың инвестициялық потенциалы   

 

Қала экономикасында өнеркәсіптің дамуы тау-кен, өңдеу өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.

 Құрылыс материалдарын өндіру бойынша: жергілікті пайдалы қазбаларды өңдеу арқылы құрылыс материалдары өндірісі саласын дамыту. Бұл бағытта келесі жобаларды іске асыру жоспарлануда:

-«Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 36,7 млрд. теңге,жаңа жұмыс орындары – 226.

«Қызылорда қаласында құрылысқа арналған пенобетон материалын шығару» жобасы. Жоба құны – 30,5 млн. теңге, жаңадан жұмыс орындары - 7.

Қызылорда қаласында құрылысқа арналған газобетон материалын шығару» жобасы. Жоба құны – 32,5 млн. теңге, жаңадан жұмыс орындары - 7.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласында  құрылыс индустрия саласы даму қарқыны кең етек жаюда. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылысқа қажетті керамикалық кірпіш, қаптама кірпіш, газоблок, құмблок (пескаблок) өндіретін шағын кәсіпорындар несие алып жұмыс жасауда.  

Тамақ өнеркәсібі саласы бойынша:  азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірімізге тән агроөнеркәсіп кешенін әрі қарай дамыту. Бұл бағытта келесідей жобалар іске асырылатын болады:

 -«КазАгроМир»ЖШС-нің «Қызылорда қаласында көлемі 2,2 га автоматтандырылған өндірістік жылыжай құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 1,1 млрд.теңге, іске қосылғандағы жұмыс орны – 30.

-«Сенім табиғат» ЖШС-нің көп салалы ауылшаруашылық өнімдерін сақтау қоймасы. Жобаны құны – 500,0 млн.теңге. жаңа жұмыс орындары саны – 33.

-«BSK Каратау» ЖШС-нің Тұз өндіру, өңдеу және байыту бойынша өндірістік кешенін салу. Жоба құны – 1,5 млрд.теңге. Жаңа жұмыс орындар саны – 500.  

-«Сыр Маржаны» ЖШС-нің «Ет комбинатын салу» жобасы. Жоба құны 832,5 млн.тенге, жаңа жұмыс орындар саны – 70.

Сонымен қатар, «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін Қызылорда қаласы Титов қыстағынан индустриялдық аймаққа  760 га жер телімі табысталып, жобалар осы аумаққа орналастырылуда. Бүгінгі күні Индустриялдық аймаққа жалпы көлемі 120,5 гектарды құрайтын құны 125 млрд.  4 млн. теңге құрайтын  9 жобаға жер телімдері бөлініп, 1022 жұмыс орнын ашу көзделуде.

Инвесторлар тарту мақсатында іс-шаралар өткізу бойынша:  2018 жылы Тараз және Ақтөбе қалаларына жергілікті тауарөндірушілердің өнімін насихаттау және имнвесторларды тарту мақсатында  роуд-шоу ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, цифрландыру саласы бойыншаҚызылорда қаласының оқушыларына, студенттеріне және жас кәсіпкерлеріне кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Robo4business», «3D-content», «WebBusinessPage» бағыттарында IT-өнімдерінің байқауы және «IQ Business, жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамыту», «Start up Bolashak: Менің арманым» жастар бизнес-жобалары сайыстары  ұйымдастырылды.