A A- A+
KZ RU
Басты бет » Талсуат ауылдық округі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 08.12.2014Өзгертілді: 13.01.2020

Атқарылған  жұмыстар

Санитарлық тазарту, көркейту және  көгалдандандыру екі айлығында Талсуат ауылдық округі бойынша барлық  мекемелер  және  ақылы қоғамдық жұмысшылар сенбілікке шығып көркейту - көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізді. Елді мекендегі «Қызылорда- Жалағаш» автортасса бойы және орталық бейіттін айналасына тұрақты түрде тазалық жұмыстары жүргізілді.Ауылдық округтегі  барлық электр бағаналары ақталып, сырланды.

2019  жылы   жергілікті бюджетке  түсірілген  салық: (мың теңге)

 Мүлік салығы  -   90,0 ;

 Жер  салығы  - 284,0 ;

Жеке тұлға  көлікі  салығы  -  2100,0;

Заңды тұлға  жер салығы -  137,0;

Заңды тұлға көлік салығы-139,0

Жеке табыс салығы  – 189,0. 

Жұмыспен  қамту және кәсіпкерлік:

2019 жылдың  наурыз  айынан   бастап өзін- өзі жұмыспен қамтығандар саны, өнімдісі- 171.  Жұмыссыздық  деңгейі 0,5 %

2019 жылдың қаңтар айынан осы кезеңге дейін  12  азамат  несие алуға ниет білдірді. «Бизнес кеңесші» сертификатына оқуға Кәсіпкерлік палатасына  тіркелген азаматтар қатарынан  20 азамат оқып, «Бизнес  кеңесші» сертификатын  алды.  3 азамат  «Бизнес- Бастау»  сертификатын оқуға қатысып, 2-еуі оқып алды

Елдімекендегі   мәдени   шаралар   бойынша:

 

Жергілікті мәдени шараларды бойынша , жоспарланған 55 іс-шара өткізіліп, 4482 көрермен қатысты. Қазақстан Республикасы Конституциясының  21 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң» атты тақырыпта кеш өткізілді. Ауыл әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап, іс-шара мерекелік концертке ұласты.

Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай «Өз тіліңді құрметте!» атты жыр кеші, Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты кездесу кеші, Астана қаласының туған күніне орай «Астана-Бас қала» атты мекерекелік  іс-шаралар өткізілді.

ҚР Тәуелсіздігі  күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!» атты мерекелік кщнцерті өткізілді.

«Кел, Жаңа жыл ортаға!» атты балалар ертеңгілігі өтті. Жаңа 2020 жылды қарсы алуға арналған «Кел төрлет, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық  кеш, от шашу мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Мемлекеттік  бағдарламалардың  орындалуы

Шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша  айларында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша:

1.Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» арқылы  8 азамат 38,7  млн. теңге несие алды.

2. «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы ЖШС арқылы 2 азамат 11,0 млн. теңге несие алды.

ЖК «Сералхан» Сералхан Сүйіндік шілде айында екінші деңгейлі банк арқылы мал басын (м.і.қ.) көбейту үшін 500,0 теңге субсидия алды.

3. «Қайтарымсыз грант» жобасы бойынша 10 азамат, жалпы құны- 4 млн. 542 мың 500 теңге  қаражат алды.