A A- A+
KZ RU
Басты бет » Талсуат ауылдық округі

Аналитикалық ақпарат

Енгізілді: 08.12.2014Өзгертілді: 13.01.2020

2019  жылға  Талдамалық  мәліметтер

Статистикалық көрсеткіштер бойынша жұмыспен қамтылған азаматтардың саны өсуде, ал жұмыссыздық деңгейі төмендеуде. Талсуат ауылдық округінде барлығы 2180 адам тұрады.  Талсуат ауылдық округінің негізгі еңбек нарығының салалары: жеке кәсіпкерлер, ЖШС, бюджеттік мекемелер және шаруа қожалықтары. Еңбекке жарамды тұрғындар саны – 1104 адам. Жұмыссыздар саны – 5. Жұмыссыздықтың пайыздық көрсеткіші-0,5%.

Әлеуметтік сала бойынша

2019 жылдың  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек  жобасына  ауылдық  округтен   87  отбасы  қатысты.

Ауыл  шаруашылығы  саласы  бойынша

Ауылдық  округтің  жалпы  жер  көлемі     925  гектар;

Оның  ішінде:

Ауылшаруашылық   жері –  383  га;

егістік –  66  га;           

жайылымдық    363  га;

басқа да жерлер – 113 га.

Мал  шаруашылығы  бойынша  есепті  мерзімде  4  шаруа қожалығы тіркелген.

Жеке қожалықтарда: Мүйізді ірі қара – 947 басты, қой мен ешкі – 1109 басты, жылқы –180 басты  құрады,  шошқа  - 107, құс саны – 738 болды.  Елді  мекендегі  қаңғыбас  иттерді  жою мақсатында  арнайы  бригада   шақыртылып  85  қаңғыбас  ит  атылды.