A A- A+
KZ RU
Басты бет » Бизнес

Кәсіпкерлікті алғашқы бастаушыға көмек

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 02.07.2019

Кәсіпкерлікті алғашқы бастаушыға көмек 

   

Қазіргі таңда жаңадан кәсіп бастағысы келетін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар әзірленіп, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осы бағдарламалар кәсіпкерлерге жан-жақты түсіндірілуі үшін, Журба көшесі №12 үйдің ғимаратында орналасқан «Даму» кәсіпкерлерге кеңес беру орталығы және Әйтеке би көшесі мекен-жайында орналасқан «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» құрылып, жұмыс жасауда.

Жеке кәсіпкерлік субьектілеріне бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар келесі мақсаттарда ұсынылады:

1. Негізгі құралдар мен материалдарды алу;

2. Материалдық емес активтер алу;

3. Технологиялар алу;

4. Франшизаға рұқсат алу;

5. Зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.