A A- A+
KZ RU
Басты бет » Қоғам

Спорт

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 02.10.2019

Қызылорда қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2019 жылдың ІІІ тоқсанында өткізілген жарыстар.

05-07.07.2019 жылы Қазақстан Республикасының жастар жылы мен 6-шілде Елорда күніне орай грэпплингтен жасөспірімдер мен жастар, ересектер арасында және панкратионнан жастар мен ересектер арасында қалалық ашық біріншілік өткізілді. Жарысқа 220 адам қамтылды.

05-07.07.2019 жылы 2019 жыл «Жастар жылы» және «6 шілде Елорда күні» мерекесіне орай дзюдодан 2008-2009, 2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында қалалық ашық біріншілік өткізілді. Жарысқа 140 адам қамтылды.

09.07.2019 жылы 6-шілде Елорда күніне орай ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан қалалық ашық біріншілік өткізілді. Жарысқа 18 адам қамтылды.

14.07.2019 жылы Қызылорда қаласында  және қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде орналасқан жалпы білім беретін мектептерде білім алушы оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында футболдан жарыс өткізілді. Аталған жарысқа 110 адам қамтылды. 

25.07.2019 жылы ҚР жастар жылына орай «Сырдария тынығу лагерінде» жазғы демалыста жүрген балалардың уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Жарысқа 55 адам қамтылды.

26.07.2019 жылы Қала әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі көшпелі кеңес отырысына қарай ұйымдастырылатын спорттық іс-шаралар өткізілді.

28.07.2019 жылы Шолпан жұлдыз-өзіңсің шоқтай жарық! «Ибраева Әлия Әсембекқызын» еске алуға арналған шағын футболдан турнир өткізілді. Аталған турнирге 90 адам қамтылды.

01-04 тамыз айында ҚР жастар жылына орай грэпплинг және грэплинг гиден жасөспірімдер мен жастар және қыздар арасында өтетін қалалық ашық біріншілік өтті. Біріншілікке 180 адам қатысты.

05-08.09.2019 жылы Қазақстан Республикасының «Жастар жылы» мен «Қала күні» мерекесіне орай ауыр атлетикадан 2003 жылы туылған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен  қалалық ашық біріншілік өткізілді. Біріншілікке 68 адам қамтылды.

20-22.08.2019 жылы ҚР жастар жылына орай панкратионнан жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін қалалық ашық біріншілік. Аталған біріншілікке 110 адам қамтылды.

21.08.2019 жылы Қызылорда қаласының «Жастар жылына» орай 8 – 14 жас аралығында жасөсіпірімдер арасында шахматтан өтетін қалалық турнир өтті. Турнирге 65 адам қамтылды.

27-30.08.2019 жылы жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында А.Кашечкинді еске алуға арналған велоспорт түрінен арналған Республикалық жарыс өткізілді. Аталған жарысқа 120 адам қамтылды.

28-29.08.2019 жылы Дойбыдан облыстық бірнеше дүркін жеңімпазы республикалық жарыстардың жүлдегері Абимолда Ертай Абимолдаұлын еске алуға арналған турнир өтті. Турнирге 40 адам қамтылды.

06-07.09.2019 жылы Қазақстан Республикасының «Отбасы күні» мен                   «Қала күні» мерекелеріне орай «Отбасы-бақыт мекені» атты «Жекпе-жек» сайысынан жасөспірімдер арасында өткен қалалық ашық біріншілік өтті. Аталған біріншілкке 80 адам қатыстырылды.

14.09.2019 жылы Қазақстан Республикасының «Мұғалімдер» күні мерекесіне орай «Сырдария» тынығу лагерінде Қызылорда қаласының қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің арасында өткен спартакиада өтті. Спартакиадаға 55 адам қамтылды.

17-19.09.2019 жылы «Салауатты Қызылорда» атты «Қала күні» мерекесі аясында каратэ-додан жасөспірімдер арасында қалалық ашық біріншілік өткізілді. Аталған біріншілікке 150 қамтылды.

19-20.09.2019 жылы Қазақстан Республикасының «Қала күні» мен 1-қазан «Халықаралық қарттар күні» мерекелеріне орай волейболдан аула клубы командаларының арасында өткен жарыс өтті. Жарысқа 120 адам қамтылды.

20-21.09.2019 жылы «Қала күні» мерекесі аясында қазақ күресінен 2008-2009, 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен қалалық ашық біріншілік өтті. Біріншілікке 60 адам қатыстырылды.

28.09.2019 жылы «Салауатты Қызылорда» атты қала күні мерекесіне арналған жеңіл атлетикалық марафон жарысы өткізілді. Аталған марафонға 1 500 адам қамтылды.

Қызылорда қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қөрсеткен мемлекеттіқ қызметі және спорттық разрядтары мен санаттарын алу тәртібі

Қазіргі уақытта «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Қазіргі таңда Қызылорда қаласының дене шынықтыру және спорт бөліміне 2019 жылдың қаңтар айынан бері ХҚКО-нан 224 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: 2-разрядты спортшы – 31; 3-разрядты спортшы – 23; 1 жасөспірімдік разряд – 8; 2 жасөспірімдік разряд – 95; 3 жасөспірімдік разряд – 30; біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы – 17; біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер – 5; біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты спорт нұсқаушысы – 7;  спорт төрешісі – 6; Спорттық разрядтары мен санаттарын беру мемлекеттік қызмет түрін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде тегін негізде алуға болады.

ХҚКО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі: «2 разряд спортшысы», «3 разряд спортшысы», «1 жасөспірімдік разряд спортшысы», «2 жасөспірімдік разряд спортшысы», «3 жасөспірімдік разряд спортшысы» спорттық разрядтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдаухаты; спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық және қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері; көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат; 2) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы» санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда); спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда); көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат; 3) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер» санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама; көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат; 4) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушыспортшы» санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; білімі туралы дипломның көшірмесі; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқ- татылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндікөшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама; спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, облыстық федерация болмаған жағдайда нұсқаушы- спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат; көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат; 5) «Спорт төрешісі» төреші санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: жеке басын куәландыратын құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет  1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;