A A- A+
KZ RU
Басты бет » Қоғам

Ауылшаруашылығы мен ветеринария

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 01.07.2019

Егін шаруашылығы бойынша 

2019 жылы қала бойынша 7330 гектарға егiс егу межеленіп отыр. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 3002 гектар. Оның ішінде дәндi дақылдар 342гектар, майлы  дақылдар 100гектар, мал азықтық дақылдар 1323 гектар, картоп, көкөнiс, бақша 2,5 мың гектарды құрайды.

Қала бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, дайындалған тұқымдарды себу дәрежесіне жеткізу, минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау жұмыстары жүргізілуде. Қала бойынша егін егу жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдарында 400 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, 315 гектар жаңа жоңышқа (о.і. 160 га жаздық бидаймен бүркемеленген), 105 гектар жаздық бидай егіліп отыр.

2019 жылдың егісіне қажетті 1669 тонна минералдық тыңайтқыштардың 972 тоннасы (58,2%) алынды.

Көктемгі дала және егін егу жұмыстарына 69 трактор, 19 соқа,  9 тұқым сепкіш,2 автомашина және 19 трактор тіркемесі қатысуда. Қаланың көктемгі егіс және дала жұмыстарына барлығы 705 тонна дизель отыны бөлінді. Қазіргі уақытта наурыз айына бөлінген 300 тонна арзандатылған дизель отынына толық жеткізіліп, оның  200 тоннасы шаруашылықтарға таратылды.

 

Мал шаруашылығы бойынша

Сыбаға» бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылы 275 бас аналық сиыр  сатып алу жоспарланып осыдан бүгінгі күні 105 бас сиыр сатып алып, жоспар 38,1 пайызға орындалып отыр.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 5400 бас қой алу жоспарланып, 3120 бас қой сатып алынып, жоспар 57,7 пайызға  орындалды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 2019 жылға жергілікті бюджеттен  3,6 млн. тенге  қаржы төленді.

 

Техникалық инспекция саласы бойынша

Қызылорда қаласы әкімшілік аумағында жеке және заңды тұлғалар иелігінде барлығы 4397 дана түрлі ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы мен арнайы техникалар тіркелген.

2019 жылдың I тоқсанында ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы техникаларын жүргізуге 42 адамға куәлік беріліп, жеке және заңды тұлғаларға жаңа үлгідегі 100 дана техникалық паспорттар мен 100 дана мемлекеттік белгілер берілді. 15 дана кепілдік келісім-шарты мен қосымша келісім-шарттарын тіркеу және кепілден босатулар рәсімделді.

БАБЖ (ЕАСУ) бағдарламасы бойынша қолдағы бар техника 100% базаға ендірілді. Қазақстан Республикасының Заңдарымен, бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Ережесімен және белгіленген іс-жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

 

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы  бойынша

2019 жылға тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 52 маманға 196 950 000 теңге  (1 маманға 3 787 500 теңге) және көтерме жәрдемақыға 109 маманға 19 265 750 тенге (1 маманға 176 750 теңге) қаржы бөлінген. Аталған қаржыны игеру облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының  қаржылық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір-қазан айларына жоспарланған.

 

Ветеринария саласы бойынша

2019 жылы 011 «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жұқпалы ауруларға қарсы егу шараларына және диагностикалық тексеру жұмыстарына республикалық бюджеттен 40687,0теңге қаржы бөлінді. Игерілгені  тенге.

2019 жылы эпизоотияға қарсыатқарылған ветеринариялық іс-шаралар: құтыру ауруына 700 бас МІҚ, құтыру түйе 200 бас, құтыру ит 850 бас, құтыру мысық 285 бас, аусыл ауруына 6075 бас МІҚ, аусылға 3260 бас уақ мал, пастереллезге 1000 бас МІҚ, пастереллез уақ мал  бас, сібір жарасына 4115 бас МІҚ, 5340 бас уақ малға, 400 бас жылқыға, бас түйеге, 410 бас шошқаға, эхинококкозға 3500 бас етқоректілерге, күл ауруына 2500 бас уақ малға, қарасан ауруына 3500 бас МІҚ, обаға қарсы  бас түйеге, 2300 бас уақ малға, брадзотқа қарсы  бас уақ малға, туберкулезге 2533 бас МІҚ, маңқаға 200 бас жылқыға, нодулярлы дерматитке 9500 ірі қара малына алдын ала егу жұмыстары жүргізілді. Бруцеллез ауруына қарсы 3589 бас МІҚ-дан, 1202 бас уақ малдан қан сынамасы алынып тексерілді. 

2019 жылы 007 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға 25821,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жыл басынан 3085 ит, 76 мысық аулап жойылды. Игерілгені  тенге.

2019 жылы 006 «Ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыру» бағдарламасы бойыншақала бюджетінен сарыппен ауырған МІҚ малдары анықталған жағдайда ветеринариялық-санитариялық жолмен союға 789,0 мың теңге бөлінді.

2019 жылы 008 «Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша уақ малдарды ауру анықталған жағдайда қансыз әдіспен жойып, иелері өтем ақы қайтаруға қала бюджетінен 5091,0 мың теңге қаржы бөлінді.

2019 жылы 009 «Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша 3477,0 мың теңге бөлінді. Игерілгені  мың теңге. 2019 жылы энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шаралар: өттеу ауруына 8000 бас МІҚ, сақау ауруына қарсы 1865 бас жылқыға егу жұмыстары жүргізілді. 

2019 жылы 010 «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша 983,0 мың теңге қаржы бөлінді. Игерілгені мың теңге. 2019 жыл басынан 4000 бас МІҚ, 5932 бас уақ мал, 407 бас түйе, 456 бас жылқы, 400 бас шошқа бірдейлендіріліп, дерекқор базасына енгізілді.

2019 жылы 107 қала әкімінің өкіміне сәйкес Қырым-Конго геморрагиялық қызбасына қарсы шараларға қала әкімдігінің шұғыл резервінен  млн теңге бөлінді.

2019 жылы 005 «Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша  теңге бөлініп, толықтай игерілді.