A A- A+
KZ RU
Басты бет » Халықты әлеуметтік қорғау

Жұмысқа орналастыру

Енгізілді: 04.09.2014Өзгертілді: 03.07.2019

ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жұмысқа орналастыру (жұмыссыздық, бос жұмыс орындары)

 

Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша

 

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында 2019 жылдың 1-ші шілдесіне экономикалық белсенді халық саны 125,5 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,6 пайыз (4,7 пайыз – 01.07.2018 жыл).

2019 жылға қалада 4050 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланса, жыл басынан 2212 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жұмысқа орналастыру  2019 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөліміне хабарласқан азаматтардың саны –5258, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтар –2298, тіркелген жұмыссыздық  деңгейі – 2,0 пайызды құрады.

Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі - қалада  ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу арқылы жұмыссыздарға жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 6 рет ауқымды «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 115 мекемеден 541 бос жұмыс орындарына сұраныстар түсіп, жұмыс іздеуші азаматтарға тұрақты жұмысқа орналасу үшін  557 -ден астам  жолдама  беріліп, 41 адам-қоғамдық жұмысқа, 838-ге жуық адам кеңес алды.

2019 жылға жана бизнес –идеяларды іске асыруға  мемлекеттік грантттар беру  үшін  Республикалық бюджеттен 210  адамға  53025,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге 53 адамға 13 382,5 мың теңге игерілді.

Қоғамдық жұмыстар Ағымдағы жылы 2245 адамға жергілікті бюджеттен 301408,0  мың теңге бөлініп, 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап 117 мекемемен келісім шарт жасалып, 1015 адам жұмысқа тартылды. Бүгінгі күнге 178206,0 мың теңге игерілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 160 адамға республикалық бюджеттен 57192,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 10 адамға 2391,0 мың теңге бөлініп, 200 адамға 20920,0 мың теңге игерілді.

Жастар тәжірибесі бойынша республикалық  бюджеттен 480 адамға 162865,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 116 адамға 44038,0 мың теңге бөлініп, бағдарлама аясында сұраныс берген  213 мекемелерге 500 жас маман жолданып, 96356,0 мың теңгесі игерілді.

Жұмыссыздарды тіркеу

Халықты жұмыспен қамту орталығы өтiнiш бiлдiрген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лайықты жұмыс таңдалмаған жұмыс iздеп жүрген жұмыссыз адамды жұмыссыз ретiнде тiркеу туралы шешiм қабылдайды.

Жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз ретiнде тiркеу мемлекеттiк органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерi арқылы оның деректерiн тексергеннен кейiн жұмысқа орналастырудың жеке картасына алынған мәлiметтердi енгiзе отырып жүзеге асырылады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы өтiнiш жасалған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткенде жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз ретiнде тiркеу күнi және есепке қою туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы хабардар етедi.

Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар – он жұмыс күнi iшiнде кемiнде бiр рет халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.

Жұмыссыздарды есептен шығару

1. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды мынадай жағдайларда:

1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен бас тартқанда;

2) дәлелсiз себептермен:

халықты жұмыспен қамту орталығы жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде;

шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысу үшiн үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде;

халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуды өз бетiнше тоқтатқанда;

3) жұмыссыз осы Заңда көзделген халықты жұмыспен қамту орталығына келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;

4) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;     

5) көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.

2. Есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң ғана халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс iздеушi адам ретiнде қайтадан тiркеле алады.

Әлеуметтік жұмыс орны

Жұмыс берушi әлеуметтiк жұмыс орындарын құрады, оларды құру кезiнде тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды және олар ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.

Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмыссыздар үшiн арнайы құрылады, олардың  арасында:

балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерiнiң түлектерi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың

зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;

мүгедектер;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;

пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар;

кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;

жетi жасқа дейiнгi баланы, мүгедек баланы, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi бағып-күтудi жүзеге асыратын адамдар;

оралмандар;

терроризм актiсiнiң нәтижесiнде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады;

Халықты жұмыспен қамту орталығы мен арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушi және әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберiлетiн жұмыссыз арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.
Әлеуметтiк келiсiмшарт тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн, еңбекақы мөлшерiн және оны төлеу шарттарын, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мерзiмдерi мен көздерiн қамтуға тиiс.
Әлеуметтiк жұмыс орындарындағы еңбек қызметiн дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретiнде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығына қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қайта қатысуы мүмкін.

Қоғамдық жұмыстар

Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдарда ұйымдастырады және бюджет қаражаты шегiнде және жұмыс берушiлердiң тапсырыстары бойынша олардың қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

жұмыссыздардың

жазғы демалыс кезеңiнде студенттердiң және жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жоғары сынып оқушыларының

тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етiлмеген адамдардың құқығы бар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдердi алмайтын жұмыссыздар;

халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.

Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы, олардың халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiнде олардың келiсiмiмен жүзеге асырылады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетiн адамдармен әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар, олардың есебiнен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жiберiлуi мүмкiн.

 

 

2019 жылдың  1 шілдесіне айына бос жұмыс орындары туралы мәлімет

Мекеме атауы

Бос жұмыс орны

Саны

Мекен жайы,

байланыс телефоны:

1

«Қызылорда су жүйесі» МКМ

Инспектор-бақылаушы

10

Желтоқсан көшесі №156

Байланыс телефоны:

23-00-42

2

«Proffi Group» ЖШС

Бұрғылаушы көмекшісі

3

Әйтеке би көшесі №5А

Байланыс телефоны:

27-49-45

Email:

ainura_81@list.ru

3

«ИБК Сибу Қызылорда» ЖШС

Бұрғылаушы көмекшісі

Слесарь

Электродәнекерлеуші

Кадр бөлімінің маманы

Активті есепші (бухгалтер)

Қытай тіліне хатшы

Жұмысшы

Жүргізуші

9

15

3

1

1

1

5

6

Абай даңғылы,

№ 14

Байланыс телефоны:

23-05-66

+7(771) 045 05 00

marat_shabikov@mail.ru

4

«УАД»ЖШС

Инженер ПТО

Геодезист

Жүргізуші

Жұмысшы

Токарь

1

1

8

1

1

С. Бейбарыс көшесі №180

Байланыс телефоны:

262912

+7(777) 452 78 59

erniyazova81@inbox.ru

5

«Активстроймарт» ЖШС

Жұмысшы

2

Шукуров көшесі

№ 18б

Байланыс телефоны:

23-04-82

87774995699

6

КОФ «Sinooil» ЖШС

Менеджер АЗС

Кассир-оператор

Мини-март меңгерушісі

1

10

1

Бөкейхан көшесі №41

Байланыс телефоны:

23-69-31

7

«Мир Дас Аудит» ЖШС

Менеджер

5

Панфилов көшесі №27

Байланыс телефоны:

87770475687

8

«Интегрестрой» ЖШС

Экскаваторшы

Кран жүргізушісі

Механизатор

2

2

2

С. Мұқанов көшесі №105А

Байланыс телефоны:

24-30-37

9

«Ұшқын» ЖШС

Жұмысшы

2

Торайғыров көшесі №115

Байланыс телефоны:

27-14-74

10

«АлтайТоргСервис» ЖШС

(вахта)

Аспазшы

Асхана қызметкері

Тазалықшы

1

1

1

Әуезов көшесі №36

Байланыс телефоны:

87770673141

11

«Сыр-Жолдары» ЖШС

Жүргізуші

Жұмысшы

5

10

Байланыс телефоны:

87018822624

87774993894

12

«Ойл Газ» ЖШС

Монтажник

Дәнекерлеуші

10

10

А. Баймаханбетов көшесі № 10

Байланыс телефоны:

87778046464,

87077570082,

87775330625

13

«Best-Service LTD»ЖШС

Грузчик

Экспедитор

Кух.работник

Аспазшы

Наубайханашы

5

5

10

5

5

Әуезов көшесі № 9

Байланыс телефоны:

27-08-08

87054122342

87782020106

14

«Промстройсервис Е» ЖШС

Штукатур-маляр

Каменщик

Охранник

10

10

1

Назарбаев көшесі №70

Байланыс телефоны:

87714784020

232346

15

Алименттер өндіру кеңсесі

Заңгер

10

Байланыс телефоны:

87761551984

87754055454

16

«SUNKAR security»ЖШС

Жүргізуші-күзетші

Күзетші

Күзетші (әйел)

1

1

1

 

Ақтөбе қаласы,

Сельмаш м/а   Інжу Маржан көшесі №7

Байланыс телефоны:

87057991192

17

 «Aiya grupp» балалардың ойын-сауық орталығы

Аниматор

5

Мауленов көшесі №29

Байланыс телефоны:

87713404487

87768728232

18

«Orda.kz» ЖШС

Менеджер

Аудармашы

Іс-жүргізуші

20

5

5

Бегім ана көшесі №13б

Байланыс телефоны:

87773625676

706032

19

 

 

«CNLC INTERNATIONAL Kazakhstan INK»ЖШС

Аспазшы көмекшісі

Электрик

Тазалықшы

1

1

1

Меңліаяқ акын тұйығы №13

Байланыс телефоны:

261545

87057052820

20

«Авиценна» ЖШС

Жүргізуші

1

Толыбеков көшесі №25

Байланыс телефоны:

263376

224193

21

«Керемет сауда» ЖШС

Сатушы

Сатушы көмекшісі

Жүк тиеуші

Күзетші

Кассир-бухгалтер

1

2

1

2

1

Шымбай көшесі №107

Байланыс телефоны:

224210

22

ЖК «Фара»

Автокран жүргізушісі

Экскаватор жүргізушісі

Ветеринар

4

3

2

Жаппасбай батыр көшесі №52

Байланыс телефоны:

87778786454

23

«ҚазАвтоЖол» ЖШС

Жүргізуші

 

1

Желтоқсан көшесі №19

Байланыс телефоны:

262537

 

24

«Ақтоған» ЖШС

Механик

Жүргізуші

Механизатор (трактор жүргізушісі, бульдозер жүргізушісі)

1

3

 

3

М. Шоқай көшесі №291

Байланыс телефоны:

214108

214127

25

«Табиғат» мекемесі

Жұмысшы

(тал егу,суғару жұмыстары)

2

Абай даңғылы №60

Байланыс телефоны:

231914

87774551533

26

А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйі

Электрик

1

Қазыбек би көшесі №21

Байланыс телефоны:

274366

27

ЖК «Розакова»

Наубайханашы

Наубайханашы көмекшісі

2

2

Сейфуллин көшесі №2

Байланыс телефоны:

87054526532

28

«Полимер Продукт» ЖШС

Жұмысшы

10

Жаппасбай батыр, 137е

Байланыс телефоны:

30-10-35

29

ЖК «Аида»

Оператор

2

Дәуітбаев көшесі № 65

Байланыс телефоны:

87770992700