A A- A+
KZ RU
Басты бет » Халықты әлеуметтік қорғау

Жұмысқа орналастыру

Енгізілді: 04.09.2014Өзгертілді: 08.01.2020

ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жұмысқа орналастыру (жұмыссыздық, бос жұмыс орындары)

Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша

 

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында 20209 жылдың 1-ші қаңтарына экономикалық белсенді халық саны 125,5 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,6 пайыз (4,7 пайыз – 01.07.2018 жыл).

2019 жылға қалада 4160 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланса, жыл басынан 6293 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жұмысқа орналастыру  2019 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөліміне хабарласқан азаматтардың саны –12310, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтар –7193, тіркелген жұмыссыздық  деңгейі – 1,6 пайызды құрады.

Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі - қалада  ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу арқылы жұмыссыздарға жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 12 рет ауқымды «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 293 мекемеден 1722 бос жұмыс орындарына сұраныстар түсіп, жұмыс іздеуші азаматтарға тұрақты жұмысқа орналасу үшін  1710 -ден астам  жолдама  беріліп, 143 адам-қоғамдық жұмысқа, 2768-ге жуық адам кеңес алды.

2019 жылға жана бизнес –идеяларды іске асыруға  53 адамға мемлекеттік грантттар берілді. Бүгінгі күнге игерілгені 351985,0  мың теңге игерілді.

Қоғамдық жұмыстар Ағымдағы жылы 2351 адамға жергілікті бюджеттен 334408,0  мың теңге бөлініп, 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап 320 мекемемен келісім шарт жасалып, 2351 адам жұмысқа тартылды. Бүгінгі күнге 334408,0 мың теңге игерілді.  

Әлеуметтік жұмыс орындарына 160 адамға республикалық бюджеттен 57192,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 10 адамға 2391,0 мың теңге бөлініп, 406 адамға 51583,0 мың теңге игерілді.

Жастар тәжірибесі бойынша республикалық  бюджеттен 480 адамға 162865,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 116 адамға 44038,0 мың теңге бөлініп, бағдарлама аясында сұраныс берген  260 мекемелерге 1127 жас маман жолданып, 293254,0 мың теңгесі игерілді.

Жұмыссыздарды тіркеу

Халықты жұмыспен қамту орталығы өтiнiш бiлдiрген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лайықты жұмыс таңдалмаған жұмыс iздеп жүрген жұмыссыз адамды жұмыссыз ретiнде тiркеу туралы шешiм қабылдайды.

Жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз ретiнде тiркеу мемлекеттiк органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерi арқылы оның деректерiн тексергеннен кейiн жұмысқа орналастырудың жеке картасына алынған мәлiметтердi енгiзе отырып жүзеге асырылады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы өтiнiш жасалған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткенде жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз ретiнде тiркеу күнi және есепке қою туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы хабардар етедi.

Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар – он жұмыс күнi iшiнде кемiнде бiр рет халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.

Жұмыссыздарды есептен шығару

1. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды мынадай жағдайларда:

 1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен бас тартқанда;

 2) дәлелсiз себептермен:халықты жұмыспен қамту орталығы жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде; шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысу үшiн үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде; халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуды өз бетiнше тоқтатқанда;

3) жұмыссыз осы Заңда көзделген халықты жұмыспен қамту орталығына келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;

4) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;     

5) көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.
2. Есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң ғана халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс iздеушi адам ретiнде қайтадан тiркеле алады.

Әлеуметтік жұмыс орны

Жұмыс берушi әлеуметтiк жұмыс орындарын құрады, оларды құру кезiнде тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды және олар ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.

Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмыссыздар үшiн арнайы құрылады, олардың  арасында:

балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерiнiң түлектерi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың

зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;

мүгедектер;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;

пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар;

кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;

жетi жасқа дейiнгi баланы, мүгедек баланы, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi бағып-күтудi жүзеге асыратын адамдар;

оралмандар;

терроризм актiсiнiң нәтижесiнде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады;

Халықты жұмыспен қамту орталығы мен арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушi және әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберiлетiн жұмыссыз арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.
Әлеуметтiк келiсiмшарт тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн, еңбекақы мөлшерiн және оны төлеу шарттарын, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мерзiмдерi мен көздерiн қамтуға тиiс.
Әлеуметтiк жұмыс орындарындағы еңбек қызметiн дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретiнде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығына қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қайта қатысуы мүмкін.

Қоғамдық жұмыстар

Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдарда ұйымдастырады және бюджет қаражаты шегiнде және жұмыс берушiлердiң тапсырыстары бойынша олардың қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

жұмыссыздардың

жазғы демалыс кезеңiнде студенттердiң және жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жоғары сынып оқушыларының

тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етiлмеген адамдардың құқығы бар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдердi алмайтын жұмыссыздар;

халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.

Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы, олардың халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiнде олардың келiсiмiмен жүзеге асырылады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетiн адамдармен әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар, олардың есебiнен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жiберiлуi мүмкiн.

2019 жылдың  1 шілдесіне айына бос жұмыс орындары туралы мәлімет