A A- A+
KZ RU
Басты бет » Қоғам

Білім

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 12.01.2020

Мектепке дейінгі тәрбие

Бүгінгі күні қала бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны - 240. Оның ішінде мемлекеттік балабақша саны-27, мектеп жанынан ашылған шағын орталық-6, жеке балабақша-207. Елбасының тапсырмасына сәйкес 3-6 жас аралығындағы барлығы 20315 бала мектепке дейінгі мекемелермен қамтылып, көрсеткішіміз  100 пайызды құрады.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын цифрландыруға көшіру мақсатында 2018 жылдан бастап «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесіне Қызылорда қаласының 240 мектепке дейінгі білім беру ұйымында енгізілді (оның ішінде 207 жеке меншік балабақша).

Жалпы орта білім

2018-2019 оқу жылында 54 жалпы білім беретін мектептерде 58620 оқушы білім мен тәрбие алуда. Мектептердің ішінде 3 мектеп-гимназия, 11 мектеп-лицей, 1 «Мұрагер»  дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп, барлығы 15 инновациялық мектептер жұмыс жасайды. Осы мектептер қатарындағы №7 және №268 мектептері 2018 жылы мектеп-лицей, №3 мектеп-лицейі «IT-мектеп-лицейі» статустарына ие болды.

Қызылорда қаласы бойынша апаттық және үшауысымды мектептер мәселесі түбегейлі шешілген.

Жаңа оқу жылында 3, 6, 8 сыныптардың оқулықтары мен оқу – әдістемелік кешендері толығымен жаңартылып, білім беру ұйымдарын оқулықпен толық қамтамасыз ету үшін қажетті 582 млн 325 мың теңге қаржы бөлініп, барлық білім беру ұйымдары 100 пайыз оқулықпен қамтылды.

Кадр мәселесі, аттестаттау

2019-2020 оқу жылында қала мектептерінде білім алатын 63375 оқушыға 6651 мұғалім дәріс береді. Олардың 6213-ы жоғары білімді және 438-і арнаулы орта білімді мұғалімдер. Педагогтардың 475-і жоғары санатты, 767-сі І санатты, 731-і ІІ санатты мамандар және 2018 жылғы енгізілген біліктілік санаттары бойынша 13-і педагог-шебер, 1184-і педагог зерттеуші, 1138-і педагог-сарапшы, 1003-і педагог-модератор біліктілік санаттарын алды. Жоғары және І санатты мұғалімдердің үлесі – 54%.

 Біліктілік арттыру, үш тілде оқыту

Қызылорда қаласы бойынша жалпы білім беру мазмұнын жаңарту аясында бүгінгі күні 3787 мұғалім біліктілік курстарынан өткізілсе, бұл жалпы педагогтардың 59,3% - ды  құрайды.

Қызылорда қаласы бойынша 2012 – 2018 жылдар аралығында «Назарбаев зияткерлік мектебі» мен «Кембридж» университетінің бірлесіп жасаған деңгейлік бағдарламасы аясында  54 мектеп (100%) директорлары және 142 мектеп директорларының орынбасарлары (49,3%) арнайы біліктілік арттыру курстарынан өткізілді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2019

2017 жылдан бастап енгізілген өзгерістер бойынша  Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

ҰБТ тапсыру форматы биыл да өзгеріссіз, тек биылғы жылы қосымша жаңалықтар енгізілді:

Жоғарғы оқу орындарына (ЖОО) ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз) ҰБТ өткізіледі.

ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін қаңтар айында өткізілетін ҰБТ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 5 оқу ғимаратында орналасқан тестілеу пунктінде 18-20 қаңтар күндері өткізілді.

Талапкерлер ЖОО-на қабылдану үшін ҰБТ нәтижесі бойынша тестілеуде ұсынылатын 120 сұрақтан мүмкін болатын 140 балдың 50 балын жинауға тиіс.

Мектеп бітіретін оқушы қаңтар және наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысқаннан кейін маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау Конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылмайды.

Тестілеу 3 міндетті (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және талапкердің таңдаған мамандығы бойынша бейінді              2 пәннен тұрады.

Қызылорда қаласы бойынша 2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін 50 мектепті 1725 оқушы бітіреді, оның 805-і (46,7%) қаңтар айының 18-20 аралығында өткізілген ҰБТ-ға қатысты.

Олимпиада, ғылыми жоба, мұғалімдер байқаулары

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қала мектептерінен 39 оқушы   қатысты: жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 22 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 19 оқушы.   Қатысушылардың 19-і жүлделі орындарға ие болды:  І орын – 4,  ІІ орын – 8, ІІІ орын - 7.     

Қосымша білім беру

Қала бойынша 54 мектепте 58620 оқушы білім алуда. Қосымша білім берумен 44444 оқушы қамтылып, 70.1 %  құрап отыр. Атап айтқанда:

- қалалық білім бөліміне қарасты 5 қосымша білім беру ошақтары жұмыс жасап, онда барлығы 2649 оқушы («Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында 1300 оқушы, Тасбөгет кентіндегі «Оқушылар мен жасөспірімдер үйінде» 450 оқушы, «Өнер мектебінде» 465 оқушы, №264 мектеп-лицей жанындағы қосымша білім беру орталығында 304 оқушы, №267 орта мектеп жанындағы қосымша білім беру орталығында 130 оқушы);

- мектеп жанындағы спорттық секциялар мен үйірмелерге 31651 оқушы (540 спорт секциясына 21700 оқушы, 497 үйірмеге 9951 оқушы);

Инклюзив, үйден оқыту

Қызылорда қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға кедергісіз білім беру мақсатында инклюзивті білім беру жүйесі жүзеге асырылып, инклюзивті білім беруге жағдай жасалған білім беру ұйымдарының саны артып келеді.Бұған дейін №264 мектеп-лицейі (2014ж) мен №6 орта мектепте  (2018ж) арнайы инклюзивті сыныптар жұмыс жасап келсе, 2019 жылдың қараша айынан бастап №23 мектеп-лицейінде инклюзивті сыныптар жұмыс жасауда. Сонымен бірге, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап   15 мектепке дефектолог штаттық берілді.Жалпы қала бойынша 25 мектепте инклюзивті білім беруге жағдай жасалынған, бұл барлық мектептердің 46,3%-ын құрап отыр.Мектепке дейінгі ұйымдар бойынша, 4 арнайы балабақшада (№5 «Шаттық», №50 «Жұлдыз», «Сыр жұлдызы», «Шағбан») барлығы 305 мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленуде.Сонымен бірге, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құны  10-млн теңгені құрайтын - №187 М.Шоқай атындағы орта мектеп жанындағы «Ерекше балалар аналары» халықаралық жобасы жұмыс жасап келеді. Жоба бойынша «Шұғыла» мөлтек ауданында тұратын ерекше қажеттілігі бар балаларға және олардың аналарына психологиялық көмек, кәсіптік оқыту, бейіндік жұмыстары жүргізілуде.

Ыстық тамақ, тасымал

2018-2019 оқу жылында барлық мектептердің асханалары мен буфеттерін жалға алуға байланысты үш жақты келісім-шарттар жасалынып, «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан берілетін» бір мезгілгі тегін ыстық

Қаламызда мектебі жоқ елді мекендерден мектеп оқушыларын арнайы бекітілген автобустармен тасымалдау жүйелі жолға қойылып, 2018-2019 оқу жылында 630 бала тасымалдануда. (Атап айтқанда, №176 орта мектепке «Саябақ», «Сабалақ» саяжайларынан, ПМПК-66 елді мекенінен; №172 орта мектепке  «Сабалақ» елді мекенінен; №215 орта мектепке «Қубас», «Төрттам», «Тоғай» елді мекендерден; №264 мектеп-лицейге «Сабалақ», «Эдельвейс» саяжайларынан; №39 орта мектепке «Арғын» елді мекеннен; №138 орта мектепке «Сиыр фермасынан»,№178 орта мектепке «Геолог» саяжайынан, №264 мектеп-лицейі мен №176 орта мектепке оқушылар тасымалы автобус және газель көлігімен, № 172, 39, 218, 215, 178, 138 орта мектептерге «Газель» көлігімен тасымалданды).

Білім беруді цифрландыру.

Бүгінгі күні  қаламыздағы 54 мектептің барлығы 100% кең жолақты интернет желісіне қосылса, балалардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдары 100% бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.

Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту  қазіргі таңда басты назарда. Осы орайда, 2018 жылы Қызылорда қаласының білім беру ұйымдары 11 785,7 мың теңгеге 26 дана интерактивті тақтамен,  195 495,0 мың теңгеге жаңа үлгідегі 11 физика, 11 химия,  8 биология кабинеттерімен және 77 млн.142 мың теңгеге 23 робототехника кабинеттерімен жабдықталды.

2017 жылы мектеп оқушылары үшін 36 млн 514 мың теңгеге  237 жиынтық компьютер алынып берілсе, 2018 жылы 13 млн. 071 мың теңгеге 80 жиынтық компьютерлермен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ облыстық білім басқармасының бастауымен ГЧП арқылы 1351 жаңа компьютер беріліп мектептер толығымен жабдықталды.

Бүгінгі күні «Күнделік» электронды журналдар ақпараттық жүйесіне  54 мектептің барлығы  қосылып, мұғалімдер «қағазбастылықтан» арылды. Электронды "Күнделік" жобасы арқылы ата-ана - мұғалім – оқушы арасындағы байланыс нығайтылуда.

Жүйеге қосылып, кедергісіз жұмыс жасау үшін 2018 жылы мектептерге 20 млн. 402 мың теңгеге 583 планшеттер алынып берілді.

Сонымен бірге, 2018 жылы 204 дана Wi-fi роутер алынып мектептеріміз қазіргі таңда wi-fi желісімен толық қамтылды. №3 ІТ-лицейі мен "Мұрагер" мектебіне 3D лаборториялары (13 млн 768 мың  теңге) және 2 цифрлы білім беру кабинеттері (9 млн. 544 мың 700 теңге) берілді.

«Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» 6 млн 146 мың теңгеге "3D-модельдеу кабинетімен" және  8 млн 521 мың теңгеге "Цифрлық білім беру лабораториялық кабинетімен"  жабдықталды. Бұдан бөлек, «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы", "IT Аймақ Орда" жобасын қорғап, 60 млн. теңгеге жаңа үлгідегі 12 кабинетпен жабдықталды.

Рухани жаңғыру

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасының  «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын жұмыстар  іс-шаралар жоспарына сәйкес  жүргізілді. Жүйелі жұмыс жүргізу  үшін әр мектепте «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  мектепішілік жоспары жасалып,  арнайы маманға үйлестіру жұмыстары бекітілген.

«Тәрбие және білім» кіші бағдар­ламасының 3 базалық бағыты: «Өл­кетану», «Саналы азамат», «Ота­ным – тағдырым», оның 20 кіші бағыты республикалық деңгейде бекітіліп, шаралары белгілен­ген. Осы кіші жобалар аясында 2018 жылы барлық білім беру ұйымдарында жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, «Өлкетану» базалық бағыты – туған жерін зерттеуге, жергілікті тарихи жобаларды жүзеге асыруға, дамыту­ға бағытталған, оның 4 кіші жобасы бар:

1. «Алтын адам» – өлкетану бойынша оқулықтар шы­ғару. 5–7 сыныптарға арналған (та­рих, география және қазақ әдебиеті, музыка) пәндері біріктіріліп, өлке авторларының «Өлкетану» оқулығы дайындалды.

2. «Менің Отаным – Қазақстан» – балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және жергілікті өлкелерді зерттеу, экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастыру. 2018 жылы «Менің Отаным – Қазақстан» атты жас өлкетанушыларға экскурсиялар ұйымдастырылды.

3. «Тарих мұрасы» – өлкетану тари­хын, мәдениетін және туған өлкенің дәстүрлерін терең зерттеу. Өлкенің қоғам қайраткерлері, танымал тұл­ғаларына арналып мектептердің жанынан 15 өлкетану музейі ашы­лып, толықтырылуда.

Қамқоршылық, қорғаншылық

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

Қалалық білім бөлімі жанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органының  жалпы есебіне - 420 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар алынды.

2019 жылы қала бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 420. Оның ішінде: қорғаншылық (қамқоршылық) тәрбиеде – 350 бала, патронаттық тәрбиеде - 73 бала,  47 патронат  тәрбиеші есепке алынған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы  №383 қаулысымен бекітілген «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшері туралы» ережесіне сәйкес әр  балаға күтіп-бағу жәрдемақысы тағайындалып, ай сайын 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап      25 250 теңге төленіп келеді.

«Бала қонақтайтын отбасы туралы ережені бекіту» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы №402 бұйрығына сәйкес, «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» тәрбиеленушілері білім беру процесіне байланысты емес күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс және мереке күндерінде өтініш білдірген отбасыларына тәрбиелеуге уақытша беріледі. 2019 жылғы қаңтар айынан  7 бала аталған бұйрық негізінде уақытша отбасылық тәрбиелеуге берілді. 

Тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінде бұзақылықпен есепте тұрған бала жоқ.

 «Мектепке жол» акциясы аясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан бөлінген қаржыдан кітаппен, киім-кешекпен, ыстық тамақпен қамтылады және «Сырдария» жазғы тынығу лагерінде демалады.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңына сәйкес, 2007 жылғы 21 маусымдағы №347 қаулысына сәйкес құрылып, оның құрамына қала әкімінің қаулыларымен бірнеше рет өзгерістер енгізілген.