A A- A+
KZ RU
Басты бет » Бизнес

Бизнестің жол картасы 2020

Енгізілді: 28.04.2014Өзгертілді: 07.01.2020

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында 2019 жылдың 1-ші қарашасына 26 331  шағын кәсіпкерлік субъектілері (заңды тұлға 5 721, дара кәсіпкерлер 19 512, шаруа қожалықтары 1 098) тіркелсе, оның ішінде, нақты жұмыс жасап тұрғаны 21 899 нысанды құрауда (заңды тұлға 3 987, дара кәсіпкерлер 16 895 және шаруа қожалықтары 1 017).  

 Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына қалада шағын кәсіпкерлік саласында 876  жаңадан жұмыс орны ашылды,  тұрақты - 876 оның ішінде 493 сауда саласында,  ауылшаруашылығы- 180, білім және денсаулық сақтау – 20, басқа да қызмет түрлері бойынша – 183.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында 1 млрд. 160 млн. 490 мың теңгені құрайтын 197 жоба қолдау алды. Сонымен қатар, 2019 жылдың желтоқсан айында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы»  микроқаржы  арқылы  жалпы құны 35,0 млн.теңгені құрайтын 11 жоба қолдау тапты.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында2 млрд. 022  млн. 235 мың. теңгені құрайтын   46  жоба қолдау тапты.

 2019 жылдың  14 қараша күні «Сұлтан плаза» қонақ үйінің мәжіліс залында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпкерлердің жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында «Еңбек бағдарламасы-жарқын болашақ кепілі» тақырыбында семинар өткізілді.