A A- A+
KZ RU
Басты бет » Бизнес

Бизнестің жол картасы 2020

Енгізілді: 28.04.2014Өзгертілді: 03.10.2019

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында 2019 жылдың 1-ші қыркүйегіне 25 мың 985  шағын кәсіпкерлік субъектілері (заңды тұлға 5 679, дара кәсіпкерлер 19 325, шаруа қожалықтары 981) тіркелсе, оның ішінде, нақты жұмыс жасап тұрғаны 21 382 нысанды құрауда (заңды тұлға 3 914, дара кәсіпкерлер 16 552 және шаруа қожалықтары 916).  

 Үстіміздегі жылдың 1 қазанына қалада шағын кәсіпкерлік саласында 389  жаңадан жұмыс орны ашылды,  тұрақты -389 оның ішінде 315 сауда саласында, басқа да қызмет түрлері бойынша – 41.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында689 млн. 680 мың теңгені құрайтын 113 жоба қолдау алды.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында  1 млрд 726  млн. 908 теңгені құрайтын  32 жоба қолдау тапты.

2019 жылдың 27 тамыз күні «Достық» үйінде  «Ел экономикасының негізі  -  жаппай кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында дөңгелік үстел өткізілді.