A A- A+
KZ RU
Басты бет » Бизнес

Субсидия

Енгізілді: 28.04.2014Өзгертілді: 10.01.2020

Субсидияны беретін, мемлекеттік органдардың байланыс телефондарын және мекен-жайларын көрсетумен, оны алу процесін сипаттау   

 

Мемлекет тарапынан екінші деңгейлі банктер арқылы және шағын несие ұйымдары арқылы кәсіпкерлік мақсатта төмен пайызбен несие берілуде яғни қаржыландыру «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту» және т.б. бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама бойынша банк белгілеген 14% несиенің 7%-н кәсіпкер өзі төлесе, 7%-ы мемлекеттік бағдарламалар арқылы субсидияланады. Бағдарламаларға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімін екінші деңгейлі банктерге немесе кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жолығып, толық мағлұмат алуға болады.

 

Атауы

Мекен-жайы

Байланыс телефондары

«Даму» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы

Журба көшесі №12

 

55-11-16,

55-11-17,

55-11-18

Қызылорда облысының «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы»

Әйтеке би көшесі

40-09-81,

40-08-73

 

Ауыл шаруашылығы бөлімінде субсидия берумен айналысатын мамандардын  тізімі мен байланыс телефон нөмерлері:

Жусупов Қ. (мал шаруашылығы бойынша) 70-11-58

Жұмабаев Н. (егін шаруашылығы бойынша) 70-11-58

Субсидия беру процесстерінің сипаты:

 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығымен бекітілген

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі  № 4-1/379 бұйрығымен бекітілген 

«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығымен бекітілген «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығымен бекітілген «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығымен бекітілген «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы
өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты