A A- A+
KZ RU
Басты бет » Қоғам » Ішкі саясат

Дін

Енгізілді: 11.03.2014Өзгертілді: 02.10.2019

Діни тұрақтылықты сақтау бағыты бойынша атқарылған жұмыстар туралы    

 

  

Жалпы ақпарат:

Есепті мерзімде қала көлемінде діни ахуал тұрақты.

Қазіргі таңда қала бойынша 18 мешіт, 10 өзге діни бірлестік тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың барлығы Әділет департаментіне тіркелген.

Қала әкімдігі жанында дін мәселесі бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 24 мүшеден тұратын ақпараттық-түсіндірме тобы жұмыс жасайды.

Өткен жылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 64 кездесу өткізілсе, жыл басынан бері 78 кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Терроризм актілері туралы жалған ақпарат бергендігі үшін заң алдындағы жауапкершілікті ескерту мақсатында әзірленген бейнеролик жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасынан және әлеуметтік желілерден көрсетіліп, (Фейсбук, ВКонтакте, Инстаграм) БАҚ беттерінде 23 материал жарияланды. Қала көлемінде 6 үгіт-насихат құралдары (билборд) ілінді.

Мәлімет үшін:

Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 685 қаулысына қатысты мақала «Сыр Дидары» газетінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі №15 санында және әлеуметтік желілерде жарияланды. 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша:

Қалалық ішкі саясат бөлімі арқылы 2014 жылдан бастап «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндірмелік шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келеді.

Биылғы жылы аталған жобаға жергілікті бюджеттен 4 млн теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге ұлғайды. Аталған жобаның жұмыс жоспарына сәйкес қазіргі таңда қалалық білім беру ұйымдарында (54 мектепте) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында қалалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің қатысуымен 54 кездесу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, жоба аясында үстіміздегі жылғы 14-16 маусым, 12-14 қыркүйек күндері республикаға белгілі теолог, исламтанушы ғалым «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің ғылыми қызметкері Ризабек Батталұлы мен исламтанушы ғалым Шымкент қаласының «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Қарақұлов Еркебұлан Ыбрайымұлы Қызылорда қаласына арнайы шақырылып, қала көлеміндегі мешіт имамдарына, кент және ауылдық округ әкімдері, ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері сондай-ақ, «Дінтану пәні» мұғалімдеріне 2 семинар, жастар ұйымдары, маргинал жастармен 2 кездесу, мешіт жамағатымен 5 кездесу, ЗК 169/5 түзету мекемесінде экстремизм және терроризм бабы бойынша сотталған 17 азаматпен жеке кездесу ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы ауқымды шаралар жыл соңына дейін жалғасын табады.

Дәстүрлі емес діни ағым идеясының теріс мәнін әшкерелеу, оларға қарсы иммунитет қалыптастыру, зайырлылық, жастарды патриотизмге, ұлттық құндылықты насихаттау мақсатында «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Руханият және дәстүр» парақшасы жұмыс жасауда. Сондай-ақ, жастар арасында                  2 сауалнама жүргізу және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 5 бейнеролик әзірленіп, адам көп шоғырланатын орындарда көрсету жоспарлануда.