A A- A+
KZ RU
Басты бет » Билік » Мемлекеттік қызметтің имиджі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Енгізілді: 11.03.2014Өзгертілді: 07.11.2019

 

Қызылорда облысы әкімі

аппаратының 2011 жылғы

«30» мамырдағы № 12-12/3-222

бұйрығының № 1-қосымшасы

 

Жергілікті атқарушы органдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстары туралы

АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕП

Қызылорда қаласының әкімдігі

(мемлекеттік органның атауы)

 

 

 

 

р/с

 

 

Іс-шаралар

2019 жылдың

 

 

Жыл басынан барлығы

Алдыңғы жылдың есептілік кезеңіменсалыстырғанда

(санменкөрсетіледі)

1-тоқсаны

2-тоқсаны

3-тоқсаны

4-тоқсаны

 

 

1.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілген шаралар, оның ішінде:

24

 52

109

   

 

семинарлар

3

 12

21

   

 

дөңгелек үстелдер

6

 10

23

   

 

кездесулер

2

 6

26

   

 

отырыстар

12

 23

29

   

 

форумдар

 

 

 

 

 

 

соның ішінде «Нұр Отан» ХДП-ның қатысуымен өткізілген шаралар

1

 1

10

   

 

 

  2.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша БАҚ-та жарияланған материалдар, оның ішінде:

28

 30

40

   

 

теледидар

 15

 29

 

   

 

радио

 

 

1

   

 

Газет,кітапша

 10

 11

2

   

 

рейд

 

 1

     

 

интернет

 3

 3

37

   

 

3.

Жеке қабылдауда болған тұлғалардың саны

1500

 2000

186

   

 

4.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты түскен арыздарсаны

 

 

 

 

 

 

5.

Өз күштерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған саны

 

 

 

 

 

 

6.

Мәжілістерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мәселелерініңқаралған саны

 

 

 

 

 

 

 

 

7.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа тартылғандар саны, соныңішінде:

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәртіптік жазалар

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық әкімшілік жазалар

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас қылмыстар, соның ішінде:

- Қылмыстық іс қозғалған саны

- Сот үкімімен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған саны

 

 

 

 

 

 

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАҒЫТТА 2019 ЖЫЛДЫҢ 
ІII ТОҚСАНЫНДА 
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламасы аясында қала әкімдігімен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бұл бағытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қалалық комиссия жұмыс жасайды. 2019 жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қалалық комиссияның отырысында  «Білім саласы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бағытында атқарылған жұмыстар туралы» мәселелер қаралса, ІІ тоқсанында «Қалалық жер қатынастары бөлімімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бағытында атқарылған жұмыстар туралы» және «Қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар туралы» мәселелер қаралса, III тоқсанында «Қалалық ішкі саясат бөлімімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бағытында атқарылған жұмыстар туралы» және «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы қаралды.

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» қала әкімі аппараты мен қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер және кент, ауылдық округтердің ғимараттарында арнайы орындарға орналастырылған, сондай-ақ бөлімдер мен кент және ауылдық округтерде арнайы сенім телефондары тұрақты жұмыс жасайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бағытындағы әлеуметтік бейнероликтерді кеңінен тарату үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында қала әкімдігінің барлық мемлекеттік мекеме ғимараттарының бөлмелеріне (есік) пара беру, алудың зардаптары туралы арнайы парақшалар ілінді.

ІII тоқсан қорытындысымен «Қызылорда-Қазақстан», «Қоғам ТВ» теларналарынан 65 сюжет көрсетіліп, жергілікті баспасөз беттерінде және әлеуметтік желілер арқылы 31 мақала жарияланды.

Есепті мерзімде дербес бөлімдер мен кент және ауылдық округ әкімдері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 78 
 іс-шара өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қоғам тарапынан қадағалау шараларын арттыру мақсатында қала әкімі жанындағы жер комиссиясы мен қала әкімі жанындағы техникалық кеңес құрамы мүшелерінің тең жартысы кәсіпкерлер мен қоғам белсенділерінен және азаматтық қоғам өкілдерінен жасақталып, комиссия отырыстары бұқаралық ақпарат құралдарының қатысумен ашық түрде өткізілуде.

Халыққа құқықтық кеңес беру мақсатында ашылған "Құқық қорғау қызметтері орталығы" ғимаратында жыл басынан бері 12 рет азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау өткізіліп, 2300-ге жуық тұрғынның өтініштері тыңдалды.

Сонымен бірге, қала әкімдігінің құрылымында «Ашық кеңістік» («Оупэн спэйс») форматы қолданысқа енгізілді.

Аталған пилоттық жоба аймақта бірінші болып қаланың ең үлкен елді мекендерінің бірі - Тасбөгет кентінен басталды.

Бұл ретте, кент ғимараты ішіндегі жабық қабырғалар әйнек қондырғыларға ауыстырылып, әкімдікке келген тұрғынның жұмыс процесін өз көзімен көруіне мүмкіндік туды.