Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 мамыр 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.05.2020Өзгертілді: 13.05.2020Қаралғаны: 322 рет
ХАБАРЛАНДЫРУ!

Төлем мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы                         26 тамыздағы  № 306 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 6 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7163 болып тіркелген. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Шарт бойынша бүкіл есеп айырысулар мынадай тәртіппен жүргізіледі:

  1)Жалға алушы (қосымша жалға алушы) осы Шартты жасасқан сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде тұратын алғашқы айға толық көлемде алдын ала төлем жасайды:

  2) одан кейінгі төлемді Жалға алушы  тұрғын жайды жалдағаны үшін төлем айынан кейінгі 5-күннен кешіктірмей жалдау шартында көрсетілген соманы төлейді.

Төлем мерзімдері сақталмаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күнге төлем сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде өсімпұл есептеледі (карантин мерзімінде айыппұл есептелмейді).

 Шарт бойынша бір айдан артық ақы төленбеген жағдайда Жалға беруші соттың шығындарының орнын толтыра отырып, Жалға алушыдан төлемді мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге құқылы.

Мемлекеттік Тұрғын Үй Қоры Объектілерінің Жалдау Келісімдерінің Тізіміне (www.gosreestr.kz) жалдау шарттары мен түбіртектері тіркеледі. Белгіленген кезең үшін шарт бойынша төлемдерді нақтылау (детализация) электронды түрде есептету қажет.

Осы негізде жалдау шарттары мен тұрғын үй пайдалануға берілген кезден бастап төленген түбіртектерін тез арада тіркетіп, төленбеген немесе уақытынан кешіккен күндерінің өсіпұлын бөлімге келіп есептетіп алу керектігі хабарланады. Төленбеген жағдайда өткен әрбір күнге төлем сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде өсімпұл есептеліп, сот арқылы өндірілетіндігін назарға саламыз.

«Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Мекен жайы: М. Шоқай көшесі, №147 үй, байланыс телефоны:  24-80-61, 24-80-97).

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея