Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 мамыр 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 11.05.2020Қаралғаны: 179 рет
Илья Ильин «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалды
Белгілі ауыр атлет Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады. Спортшы бүгін Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне кірісті.
Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлет 2005, 2006, 2011, 2014 жылдары әлемнің төрт дүркін чемпионы атағына ие болды. Екі Олимпиадаға қатысып, жоғары деңгейде ойын көрсетті.
«Бұл шешімді қабылдау маған оңайға соққан жоқ. Мен Токио олимпиадасына қатысуды алдыма мақсат еткен едім. Дегенмен аталған додада белгілі себептерге байланысты кейінге шегерілді. Сондықтан мен спортшы ретінде карьерамды аяқтап, енді аталған салада қызмет атқаруды дұрыс деп санадым. Осылайша спорт саласында менеджмент мәселесін жан-жақты меңгерсем деймін. Келешекте бапкерлік қызметке келуім де мүмкін. Оны уақыт көрсете жатады. Қазіргі ең басты міндетім - жаңа қызметте өзімнің қабілетімді жан-жақты көрсете білу», - деді Илья Ильин.
Илья Ильинді қызметке тағайындау барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет облыс жұртшылығы атынан жылы лебіз білдірді. Сыр өңірі жұртшылығы үшін талантты спортшы қай кезде де беделі биік саңлақ ретінде бағаланады.
Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея