Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 138 адамға жетті.

4 мамырдағы мәлімет бойынша Қызылорда облысында тағы 11 науқас қауіпті індеттен жазылып шыққан. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданының тұрғындары.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 138 адамға жетіп отыр.

Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.