Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 мамыр 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 23.04.2020Қаралғаны: 230 рет
COVID-19: Қызылорда облысында індеттен жазылғандар саны 45-ке жетті

Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 45 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы және Шиелі ауданының тұрғындары.

23 сәуір 14:00-дегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 16 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Осылайша қауіпті індеттен айыққандар саны өңірде 45 адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16, Шиелі ауданында – 17 және Қармақшы ауданында – 3 адамнан осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея