Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 1 сәуір 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 19.03.2020Өзгертілді: 19.03.2020Қаралғаны: 89 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ХҚО МЕН «ҚАЗПОЧТА» МЕКЕМЕСІНІҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН СЫНҒА АЛДЫ

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы адам көп шоғырланатын бірқатар нысандарды аралап, тұрғындарға елдегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шараларды сақтау қажеттігін жеткізді.

Қала басшысы алдымен халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Жалпы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында 642 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, оның 608 қызметі электронды түрде жүргізіледі. Сондай-ақ біріңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы да ақпарат алады. Ғимаратты аралап көрген қала әкімі халықтың көп келетінін, антисептик қойылмағанын, адамдардың барлығы ғимараттың ішінде жиналғанын, берілген тапсырмалар орындалмағанын, тұрғындарды сыртта таза ауада жағдай жасап, ішке біртіндеп кіргізуді орталық директорына қатаң түрде тапсырды.

Мұнан соң, қала тұрғынынан шағым түскен ескі базар жанындағы «Қазпочта» ғимаратына барды. Ғимараттың ішкі және сыртқы санитарлық жағдайын сынға алып, тұрғындарға арналған күту залдары мен сыртқы көрінісі, есік алды лайықты жағдайда жасақталмағанын айтты. Мұнда да дизенфекциялық заттар қойылмаған, тек әкім келген кезде ғана шығарып көрсетті. Қала әкімі мекеме басшылығына жедел түрде аталған кемшіліктерді тез арада қалпына келтіруді қатаң тапсырды.

Одан әрі «Қорқыт ата» және «Қызылорда» сауда орталықтарының жалға алушылары мен қала тұрғындарымен кездесіп, қазіргі жай-күйді түсіндіріп өтті. Базар басшыларына халықтың келіп кетуі мен жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасап, санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейтіп, азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақты ұстап тұруды тапсырды. Қала басшысы базар басшысына төтенше жағдайға байланысты сауда орындарын жалға алып отырған кәсіп иелеріне жеңілдіктер қарастыруды тапсырды. Өз кезегінде базар иелері кейбір тауар түрлеріне жеңілдіктер қарастырылатынын жеткізді.

Бұдан кейін Тасбөгет кентіндегі №4 қалалық емхананың қазіргі жай-күйін тексеріп, сақтық шараларын пысықтауды тапсырды.

Шаһар басшысы бүгінгі қаладағы бірнеше нысандарды қадағалай келе, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, оның орындалуын тікелей бақылауына алып, жұмыстарды күнделікті жүргізілетіндігін және сұралатынын ескертті.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея