Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 1 сәуір 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 06.03.2020Қаралғаны: 221 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қызылорда қаласының әкімдігі дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқаулардың көктемгі науқанын ашық деп жариялайды. 

 

Қызылорда қаласының әкімдігі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін орай 5-27 наурыз аралығында түрлі байқаулар жариялайды.

 

«Әр тұрғын – 5 талдан» ұранымен қала тұрғындары аулаларға тал егуі қажет. Оны суретке және видеоға түсіріп, оны «Instagram», «Facebook», «Вконтакте» әлеуметтік желілері арқылы қала тұрғындарына жылы лебізін арнап, көгалдандыру жұмыстарына белсенділік көрсетуге үндеуі қажет. Байқауға қатысушылар #Наурыз #Qyzylorda #ЖасылҚала #Volonter хэштегтерін пайдалануы керек. 

 

Сонымен қатар қала әкімдігі «Шашбаулы қыз» байқауын да жариялады. Шарт бойынша бұл байқауға бұрымды арулар қатыса алады. Арулар бұрымды шашқа сән беріп, оюланған шашбау, шолпы тағып суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерде #Наурыз #Qyzylorda #ЖасылҚала #Volonter хэштегімен жариялауы қажет.

Байқауға қатысушылардың материалдары Қызылорда қаласы әкімідігінің парақшасында жарияланып отырады. Жеңімпаздарды әлеуметтік желінің пайдаланушылары лүпіл (лайк) басу арқылы анықтайды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея