Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 1 сәуір 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 05.03.2020Қаралғаны: 174 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ХАЛҚЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТЫ АРТҚАН

«Egov mobile» қосымшасында 24 қызметі түрі болса, ақпан айынан бастап қызметтер саны 59-ға көбейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев мәлімдеді.

 

«Қызылордалықтар көлік құралдарын онлайн форматта тіркеу және жүргізуші куәліктерін электронды порталда ауыстыру қызметін кеңінен қолдана бастады. Есепті кезеңде өңірде 85 840 көлік тіркеліп, оның 167-і электрондық портал арқылы рәсімдеген»,-деді Айдын Бөкенбайұлы.

 

Өз сөзінде филиал директоры жаңадан 17 проактивті қызмет іске қосылатынын тілге тиек етті. Болашақта проактивті форматта мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақылар, жұмыс істеу қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты төлемдер тағайындалады. Яғни “Алтын алқа”, “Күміс алқа” белгілері бар көпбалалы аналарға ешқандай өтінішсіз жәрдемақылар берілетін болады.

 

Бұған қоса, жеке куәліксіз құжаттарыңызды саусақ іздері арқылы ала аласыз. Яғни, халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мәліметтеріңізді енгізесіздер. Сосын кез келген жерде отырып смартфонның көмегімен Egov.kz,Telegram-Bot арқылы қызмет алуға болады.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында республикалық «Халыққа жақын бол!» акциясы бастау алды. Онда тұрғындар ұсыныс-пікірірлерін айтып, өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндіктері бар.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея