Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 1 сәуір 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 14.02.2020Қаралғаны: 312 рет
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЗІЛТЕМІРШІЛЕР КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ ЕКІНШІ ОРЫНДА ТҰР

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен əйелдер арасында ҚР жекелей жəне командалық чемпионаты мен кубогы аяқталды.

Алты күнге созылған жарыс нəтижесінде облыс спортшылары 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте ерлер (230 ұпай) мен əйелдер (214 ұпай) командалары екінші орындарды иеленді.

Жекелей есепте 59 келі салмақта Аяжан Нұржан (73+97=170), 89 келіде Евгений Ломанов (160+175=335) жəне 96 келіде Рүстем Сыбай (155+190=345) Қазақстан жеңімпазы атанды.

96 келіде Шахизат Əбдіраманов күміс жүлдеге ие болса, 81 келіде Динара Қыпшақбай мен Арыстанбек Жаханша, 87 келіде Асылзат Дөненбаева қола жүлделерді иеленді.

Ерлер мен əйелдер арасында Алматы облысының спортшылары бірінші орынды алса, ерлер арасында Қарағанды, əйелдер арасында Қостанай облысының командалары үшінші орындарға ие болды.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея