Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 19 ақпан 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 14.02.2020Қаралғаны: 75 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА АВТОБУС ПЕН АВТОКӨЛІК СОҚТЫҒЫСТЫ

Kyzylorda-news.kz. Бүгін сағат 08:30 шамасында №1 бағытта қатынайтын автобус «Тойота Камри» маркалы автокөлігімен соғысты.

Оқиға 14 ақпанда сағат 08:30 шамасында Қызылорда қаласы Бөкейхан – Көшербаев көшелерінің қиылысында орын алған. «Тойота Камри» маркалы автокөлігі қоғамдық көлікке жол бермей, соқтығысқан. Салдарынан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді.

«Қайтыс болғандар жоқ. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», деп хабарлайды Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея