Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 2 сәуір 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 13.02.2020Қаралғаны: 333 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы«Қызылордажылуэлектроорталығы» орталығы арқылы жылумен жабдықтау аймағындағы жылу энергиясын пайдаланатындар ЖЭО (жылу электр орталығы), Оңтүстік қазандығынан, «Белкөл» қазандығынан, №1,2,3,4,8,9,10,11,12,13,14,15,16 АБМҚ-ның энергия көздерінен жылумен қамтамасыз етілді.

Қызылорда қаласының әкімдігі бекіткен жылу желілеріндегі температуралық кесте бойынша жылу желісіне келіп түсетін судың температурасы – 65,0 Цельсий градустан. Ал желідегі суды қайтару температурасы – 50,0 Цельсий градусын құрайды. 2020 жылдың 12 ақпандағы жағдай бойынша сыртқы ауаның орташа температурасы -5 градус болғанда жылу желісіне су беру температурасы 66,0 Цельсий градусты, суды қайтару температурасы 51,0 Цельсий градусты құрады.

Қызылорда қаласының жылу энергиясын тұтынушыларын энергиямен жабдықтау белгіленген режимде тұрақты және сенімді жүргізіледі.

Энергия көздеріндегі көрсетілген барлық пайдаланылатын отын қорының көлемі талаптарға сәйкес келеді.

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея