Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 2 сәуір 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 13.02.2020Өзгертілді: 13.02.2020Қаралғаны: 342 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Kyzylorda-news.kz. Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұның қатысуымен «Birgemiz» волонтерлардың республикалық фронт-офисі ашылды.

«Birgemiz» фронт-офисі «ЭКСПО» аумағындағы ArtHUB павильонында орналасқан.

Бұл – консультациялық, әдістемелік білім беретін, ақпараттық орталық. Фронт-офис қызметкерлері Қазақстан бойынша волонтерлардың жобаларын үйлестіреді.

Еліміздің ең үздік еріктілерінің басын қосқан бұл шарада Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Кеңшілік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа «Жеңіс» республикалық қайырымдылық жобасы мен бұл бағытта Қызылорда қаласында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

Әлеуметтік осал топтар, ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлеріне бағытталған бұл жоба Қызылорда қаласы аумағында 4 жыл көлемінде тұрақты жұмысын жүргізіп, 100-ге жуық ардагерге тікелей көмегін көрсетуде.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея