Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 19 ақпан 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 10.02.2020Қаралғаны: 83 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАП ҚАЛА ХАЛҚЫНА ЕСЕП БЕРДІ.

07 АҚПАН, 2020 ЖЫЛ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ

Елбасының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес қала әкімі Н.Нәлібаев А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде тұрғындар алдында 2019 жылы Қызылорда қаласы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы есебін берді.

Қызылорда қаласы бойынша 15 қаңтардан бастау алған халыққа есеп беру кездесуі аясында бүгінге дейін қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде, үш қоғамдық қабылдау, қаланың екі аймағында, қоғамдық кеңестің алдындабарлығы 15кездесу ұйымдастырылған.

Әрбір кездесуде тұрғындарды толғандыратын мәселелер талқыға салынып, оларды шешудің мүмкіндіктері мен тиімді жолдары сараланды.

Қорытынды есеп беру жиынына қала тұрғындарымен қатар, қаланың құрметті ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар, жастар өкілдері, облыстық басқарма, департамент басшылары мәслихат депутаттары, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев арнайы қатысты.

Соңғы жылдары өңір экономикасының даму динамикасынәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.

Қаланың көлемі бірнеше есеге ұлғайып, халқының саны өсті, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер, демалыс орындары, саябақтар, жаңа мөлтек аудандар, жаңа көшелер пайда болып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы артуда.

Қызылорда қаласында өткен жылдың қорытындысымен бюджет көрсеткіші 80 пайызға артты.

Яғни, 2019 жылдың басында 42,9 млрд. теңге көлемінде бекітіліп, жыл қорытындысымен 77,3 млрд. теңгеге жеткен.

Ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемі 8 млрд. теңгеден асты.

Соңғы жылдары қалада жаңадан шағын аудандар бой көтеріп, 10 мыңға жуық қызылордалықтар жаңа пәтерге ие болды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 156 млрд.  441 млн.теңгені құрап, 110,7 пайызға артты.

Былтырғы жылы атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 53 млрд. 330 млн. теңгеге жетті. Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 36,6 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Өткен жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы ауданы 536 мың 26шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріліп, 113,3 пайызды құрады.

Баспанамен қамту шаралары барысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасыларға негізгі басымдық берілуде.

2016 жылдан бері 1000-ға жуық жас отбасы, ал, былтыр бір жылдың өзінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы  130 ЖАС ОТБАСЫ баспаналы болды.

«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында соңғы жылдары қала бойынша 3 млрд. 200 млн. теңгеге 133 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді.

«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 18,3 млрд. теңгеге 1 мың 46 қызылордалық баспанамен қамтылды.

Бүгінде, Қызылорда қаласында көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 95 пайызға жеткен.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды. 6 млрд-қа жуық қаржыға қала көлеміндегі ауыз су желілері қайта жаңғыртылды.

2019 жылы 1 млрд. 152 млн. теңгеге 75,6 шақырымды құрайтын 181 көшеге орташа, ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, 500 млн. теңгеге қалаға қарасты кент, ауылдық округтердің 25 шақырымды құрайтын 28 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Соңғы жылдары Қызылорда қаласы мен елді-мекендердегі жол құрылысын дамытуға 33 млрд. теңге қаралып, 630 шақырым жолдар орташа, күрделі жөндеуден, қайта жаңғыртудан өткізілді.

Сонымен бірге, 27 млрд. теңгеге365 шақырым су, кәріз желілері жаңартылды.

Қаламыздағы бу қазандықтары, 21,5 шақырым жылу жүйелері жаңартылды. Кейінгі жылдары 8 млрд теңгеге 65 шақырымнан астам жылу жүйелері қайта жаңғыртылды.

Қоғамдық көлік қатынасын дамыту мақсатында «Қызылорда Автобус Паркі» серіктестігіне орта сыйымдылықтағы жаңа автобустар алуға бюджеттен 209 млн. теңге бөлінді.

Облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 49 пайызы – Қызылорда қаласының үлесінде.

Индустрияландыру картасы аясында 69 млрд. 270 млн. теңгеге 8 жоба жүзеге асырылуда.

Өткен жылы 9 мың 394адам жұмыспен қамтылды.

«Мұның барлығы Елбасымыздың, Президентіміздің басшылығымен, өз туған жерінің шынайы жанашыры ретінде еңбек етіп жүрген барлық жерлестеріміздің қолдауының, Сіздер мен біздердің бірлесе атқарған тынымсыз тірлігіміздің нәтижесі, халықтың артқан мол сенімінің жемісі. Біз халық үшін атқарған әр жұмысымызға тұрақты түрде есеп беріп келеміз. Себебі, біз үшін басты ұстаным – АШЫҚТЫҚ!», - деді, қала басшысы Н.Нәлібаев.

Биылғы жылдың жоспарында да халық сұранысына сәйкес ауқымды жобалар жүзеге асырылады.

Сырдария өзенінің сол жағалауынан «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 8 млрд. теңгеге700 пәтерлік 14 көпқабатты тұрғын үй салынады. 13 ипотекалық тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Бұл тұрғын үйлер кезекте тұрған көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға беріледі.

Жаңа мөлтек аудандардың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 1,9 млрд. теңге қаралды.

Қаланы, қалаға қарасты елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау, кәріз насостық станцияларын қайта жаңғыртуға, су бұру жүйесін дамытуға 1 млрд. 509 млн. теңге бөлінді.

«Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында биылғы жылы 2 млрд. 35 млн. теңгеге 32 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтеді.

Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, жол құрылысын жүргізу барысында шет аймақтардағы жолдардың сапасын жақсартуға негізгі басымдық беріледі.

Биылғы жылы осы мақсатта қаладағы 32 көше мен кент, ауылдық округтердің көшелеріне орташа, ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге қалалық бюджеттен 892 млн. 157 мың теңге қаралды.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Ақсуат ауылдық округінде №143 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге, 16 көшені орташа жөндеуге  463 млн. теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы 4 ақпан күні өткен қалалық мәслихат сессиясында, қала әкімінің есеп беру кездесулерінде тұғындар көтерген ұсыныстарды толық және жедел үшін үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қаралған.

Сондықтан бұл нағыз «ӘЛЕУМЕТТІК БЮДЖЕТ» деуге негіз бар.

Бұл көрсеткіштерден бөлек өңірде білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет секілді басқа да негізгі салаларда  жетістіктер жеткілікті.

 Есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан қала тұрмысын жақсартуға қажетті деген ең маңызды мәселелер, өздерін толғандырып жүрген сұрақтар мен сауалдарын ортаға салынды.

Жалпы, қызылордалықтар қала әкімінің жыл көлемінде атқарған жұмыстарына көңілі толатындықтарын жеткізген.

Қаланың құрметті ардагері Сәпен Аңсатов әкімнің есебінен кейін сөз алып, жыл бедеріндегі айтулы жетістіктер мен алдағы жоспарларды қуаттайтындығын және қала әкімінің халық артқан сенімді ақтау жолындағы еңбегін жоғары бағалайтындығын жеткізді.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты, белгілі ақын ШәҺизада Әбдікәрімов өз пікірінде: «Қала әкімінің бүгінгі есеп беру кездесуінде біраз мәселелерді ашық талдадық. Қала әкімі бүгінге дейін барлық ауылдық округтерді аралап, күрделі мәселелер үшін арнайы бюджетті реттеп те үлгерді. Демек, осыған дейін өткізілген небір кездесулердің түйіні мен қорытындысы бар деген сөз. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың істеп жатқан шаруалары аз емес. Бұл кездесу Күлтөбенің басындағы күндегі кеңес емес, арбаның дөңгелегіндей айналған бір жылдың көлемінде атқарылған жұмыстардың есебі. Сондықтан, қала әкімінің есебін жоғары деңгейде деп қабылдап, келер күндерге үмітімізді артамыз.»,- деген қала тұрғындарының шынайы сенімін жеткізді.

Кездесуге келген халыққа риясыз алғысын жеткізген қала әкімі Н.Нәлібаев: «Біз қашаннан «Басталған істің жұмысы – біреу, ырысы - ортақ» деп еңбегін елдігіне, тірлігін бірлігіне балаған халықпыз.

Олай болса, бүгін осында келіп, ой бөліскен азаматтық қадамдарыңыз үшін көп рақмет.

Бұл – осы қаланың басшылығы – бізге артылған шынайы сенім ғана емес, үлкен жауапкершілік деп білемін. Оның үдесінен шығып, әр үміттің жолын табу үшін қолдан келгенді аямаймыз.

Алда атқарылар іс көп, жобаланған жоспар жетерлік. Жоғарыда оның біразын тарқата айттық», - деді.

Қала әкімінің қорытынды есеп беру кездесуіне арнайы қатысқан аймақ басшысы Қ.Ысқақов: «Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы 2019 жылы атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттерін Өздеріңізге баяндап өтті.

Жалпы, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика бар. Атқарылып жатқан жұмыстархалықтың көз алдында.Дамудың мүмкіндіктері де жеткілікті»,- деген оң бағасын берді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея