Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 19 ақпан 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 06.02.2020Өзгертілді: 06.02.2020Қаралғаны: 98 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА «FLYARYSTAN» БИЛЕТТЕРІ САТЫЛА БАСТАЙДЫ

Қазақстандағы алғашқы лоукостер – «FlyArystan» әуе компаниясы Қызылордада жақын арада билет сатылымын бастайды. Бұл туралы Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

Осы орайда «Қорқыт Ата» әуежайы» АҚ аталған компаниямен өзара келісімшарт жасады. Соған сәйкес ұшақтар 16 наурыздан бастап Алматы-Қызылорда-Алматы бағыты бойынша күнделікті, ал 20 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Қызылорда–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша аптасына 4 рет қатынайды.

Еске салсақ, бюджеттік әуе компаниясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес құрылды. Мұндай шешім ішкі нарықты толыққанды зерттеу мен бизнесті жоспарлау нәтижесінде, тез ауыспалы жергілікті және аймақтық әуе тасымалы нарығының салдарынан қабылданды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея