Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 2 сәуір 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 06.02.2020Өзгертілді: 06.02.2020Қаралғаны: 307 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА СУ ДЕҢГЕЙІ БАҚЫЛАУДА

Бүгінде облысында судан келер қауіп жоқ. Аймақ бойынша барлық бөгеттер бақылауға алынған.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Көксарай су реттегішіне 300 текше метр су қабылдаса, қалған 100 текше метр су дария бойымен Қызылорда аумағына келуде. Бұл көрсеткіш өткен жылдарға қарағанда едәуір төмен. Тіпті өңірдің оңтүстік аймақтарында қыс бойы өзен бетінде мұз қатпағаны көңілге демеу болып отыр.

«Биыл Сырдария өзенінен қауіп жоқ дегенімізбен, жоспарға сәйкес халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өйткені табиғаттың тосын сыйына дайын болуымыз керек. Осы орайда жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-қимылдар арқасында  Қызылорда облысында Сырдария өзеніне жақын қауіпті 56 аймақ белгіленген.  Онда 174 мыңға жуық тұрғын және 250 мыңнан аса үй жануарының бары анықталды.  Су тасу қаупі төнген жағдайда облыс көлемінде 89 эвакуациялық қабылдау және 101 эвакуациялық жинақтау пункті белгіленген. Дегенмен, азаматтық қорғау күш – құралдары арнайы штабтық оқу-жаттығулар ұйымдастырып, дайындық деңгейлерін пысықтауда», -деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея