Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 19 ақпан 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 31.01.2020Өзгертілді: 03.02.2020Қаралғаны: 154 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ 40 МЕКТЕПТЕ ИНКЛЮЗИВТІК КАБИНЕТ АШЫЛАДЫ

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында инклюзивті балаларға жағдай жасау бағытында келелі жұмыстар бар. 2020-2022 жылдарға арналған Жол картасын бекіту туралы шешім қабылданды. Осы жылдың өзінде мектептерге 48 штат бірлікте арнайы педагогтар бөлінді, арнайы педагогтар ерекше балаларға оқу бағдарламасын үйренуге көмектеседі.

Облыстық білім басқармасының дерегінше Қызылордада 40 мектепте инклюзивтік кабинет ашылады. Ал Байқоңыр және Қызылорда қаласында аутист балаларға арналған арнайы инклюзивті қолдау кабинеттері жұмыс істейді. Барлығы 3 жыл ішінде әр түрлі бұзылулары бар балаларға арналған 126 инклюзивті кабинеттер ашылмақ.

Инклюзивті кабинеттер осы кезге дейін Қызылорда қаласынан ашылған. Ал, 2018 жылы аутист балаларға арналып ашылған инклюзивті қолдау кабинеттері бірнеше айдан кейін оң нәтиже берді. Бүгінгі таңда 28 балабақшада арнайы және инклюзивті топтар бар.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея