Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 19 ақпан 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 30.01.2020Қаралғаны: 166 рет
ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық жастар орталығы ғимаратында «Жастар» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысып, атқарылып жатқан жұмыстармен толығырақ танысты.

Сонымен қатар ашық есік күнінде «Жастар» БПҰ төрағасы Бауыржан Мастековтың, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ҚФ мамандарының, жастар денсаулық орталығы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері азаматтарды жеке қабылдап, қажетті кеңестер берді. Қабылдауды қалалық мәслихат депутаты Илларион Ли бастады.

Сауалдардың басым бөлігі мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй алу тәртібіне, басқа да құқық­тық мәселелерге қатысты болды. Азамат­тардың барлығы заң нормаларына сәйкес жауап алды. Маңызды шарада жастармен кездесу ұйымдастырылып, еркін пікіралмасу жүрді.

Жиында Ақмарал Әлназарова партияны жаңарту және оның тиімділігін күшейту ісінде жастардың үлесі басым екендігін алға тартты және қатысушылардың әрбір сұрағына тұшымды жауап берді. Мәселен, қаладағы «Өркениет» колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Серік Әбіл сан-саладағы еріктілердің жұмысын одан әрі жетілдіру үшін республикадан тәжірибелері тренерлерді тарта отырып, оқытуларды ұйымдастыру ісін қолға алуды ұсынды. Басқосуда әрбір пікір ескеріліп, ұтымды ұсыныстардың ескерусіз қалмайтыны айтылды.

Шара қорытындысында Ақмарал Әлназарова партия қатарына салтанатты түрде белсенді жастарды қабылдап, арнайы партиялық билеттерді табыстады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея