Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 19 ақпан 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 27.01.2020Қаралғаны: 200 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ БІЛІМ ОРДАСЫНА – 30 ЖЫЛ

Қызылорда қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінің ұйымдастыруымен «Мектебім жүрегімнің төріндесің» тақырыбында білім ордасының 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Жиын барысында А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінің директоры Ә.Көшкінбаева мектептің 30 жылдық тарихына тоқтала келіп, мектеп ұстаздары мен шәкірттерінің айтулы жетістіктерімен таныстырды.

Шараға Қалалық білім бөлімінің басшысы М.Әбдіхалықова, Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Г.Есқалиева, қалалық мәслихат депутаты М.Кәрімбаев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы О.Маханбетов және мектеп директорлары, ардагер-ұстаздар, мектеп түлектері қатысты.

Салтанатты жиында мектепте әр жылдары қызмет жасаған басшылар мен ардагер-ұстаздар құттықтау лебіздерін білдірді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы О.Маханбетов мектеп ұжымы мен оқушыларды мектептің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, институт тарапынан Алғыс хатпен марапаттады

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея