Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қаңтар 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 31.12.2019Өзгертілді: 31.12.2019Қаралғаны: 188 рет
ҚАЛА ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВТЫҢ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ҚҰТТЫҚТАУЫ

 

 

Құрметті қызылордалықтар!

 

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Енді санаулы сәттерден кейін тәуелсіз елімізге толайым табыстар сыйлаған ескі жылды шығарып салып, жаңа 2020 жылды қарсы аламыз.

Жаңа жыл - өткен жылға көз жүгіртіп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылып, жаңаша ойлауға жол сілтейтін, қуанышқа толы ғажайып мереке.

         Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін және біздің өңіріміз үшін де тарихи және саяси оқиғаларға толы, табысты жыл болды.

Елімізде Елбасымыздың бастаған кемеңгер саясатының,                         Мемлекет басшысының басқаруымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік реформалардың негізінде, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық  маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда біршама жұмыстар атқарылды.

Қаланың инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымын дамытуда, жол сапасын жақсартуда кешенді шаралар қабылданып, қала қарқынды құрылыс алаңына айналуда.

Көп қабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салынып, халық игілігіне берілуде.

Әрбір атқарылған істің артында бірліктің бесігін тербеткен халықтың                ақ-адал пейілі және елім деп еміренген мыңдаған азаматтың еңбегі жатыр.

Өткен жыл қаламыз үшін ойда қалар оқиғаларымен, есте ұстар ерекшеліктерімен де қымбат.

 

Қымбатты жерлестер!

Халқымызда "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп" деген дана сөз бар. Біз қашан да өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықтың ұрпағымыз.

Әр жаңа жыл табалдырығында жақсылық пен жағымды жаңалық күтеміз.

Жаңа 2020 жыл әр шаңыраққа құт-берекесімен еніп, қуаныш пен шаттыққа кенелткей.

Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын!

2020 жыл бейбітшілік пен табыс жылы болғай!

            Құрметпен,

Қызылорда қаласының әкімі

Н. Нәлібаев

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея