Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қаңтар 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 31.12.2019Қаралғаны: 188 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БЕЗЕНДІРУЛЕРДІ ҚИРАТҚАН БҰЗАҚЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Қызылордада полиция жаңа жылдық безендіруді қиратқан бұзақыларды оқиға орнында ұсталды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға кеше таңғы сағат 06.45-тер шамасында болған. 20-26 жас аралығындағы үш қызылордалық жеңіл автокөлікпен облыс орталығындағы Орталық алаңға барған. Жігіттер Жаңа жылдық шырша маңында безендірілген үйшікті сындырып тастаған.

«Полиция жасағы оқиға орнында 3 бұзақыны ұстады. Олар мінген автокөлік айып тұрағына қойылды. Қоғамдық тәртіпке қарсы жасалған әрекет үшін ұсталған азаматтар тиісті жазасын алатын болады. Өз кезегінде жас жігіттер әрекеттеріне өкінетінін айтып, кешірім сұрады», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея