Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қаңтар 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 26.12.2019Өзгертілді: 27.12.2019Қаралғаны: 175 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ «АТАМЕКЕН» БАЛАЛАР АУЫЛЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШ ӨТТІ

 

 

Қызылорда қаласындағы «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылы тәрбиеленушілеріне арналған жаңа жылдық шырша өтті.

Осы жылы «Persona» сұлулық орталығында «Тілектер шыршасы» атты жаңа жылдық қайырымдылық жобасы іске асырылып, онда ойыншықтардың орнына «Атамекен» балалар ауылы тәрбиеленушілерінің Аяз Атаға жеке өтініштері жазылған карточкалары орналастырылды.

Мерекелік кеште қайырымдылықпен айналысатын әрбір адам сиқыршы рөлінде өнер көрсете алды, жеке карталардың бірін таңдап, баланың қалауын орындады. Жаңа жылдық шыршада жиналған сыйлықтар 55 тәрбиеленушіге берілді.

 «Құрметті жаны жайсаң жандар, еріктілер, сіздерге «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне көрсеткен қолдауларыңыз үшін, сіздердің оларға сыйлаған қуаныш пен шаттық үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын және зор денсаулық, игілік және табыс тілеймін», – деді меценат Венера Гафурова.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея