Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қаңтар 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 25.12.2019Қаралғаны: 162 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ 8 МЛН. АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

 

Қызылорда облысы полиция департаментімен облыс көлемінде орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына жыл сайын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

2019 жыл басынан облыс аумағында орналасқан барлық террористік тұрғыдан осал объекті тексеріліп, 167 объекті талапқа толық сай келетіні анықталса, 524 объекті басшысына кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.

Оның ішінде 19 объекті басшысылары тарапынан өрескел құқық бұзушылық анықталды.

Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабына сәйкес, өзіне сеніп тапсырылған нысанның терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған 19 объектінің басшысына сот органдарының шешіміне сәйкес 8 миллион теңгеге жуық айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея