Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қаңтар 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 24.12.2019Қаралғаны: 167 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ІІ ОБЛЫСТЫҚ ДӘСТҮРЛІ МЕДИАТОРЛАР ЖИЫНЫ ӨТТІ

 

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен дәстүрлі ІІ облыстық медиаторлар жиыны өтті.

Жиын аясында медиация кабинеті жанындағы медиаторлар кеңесінің отырысы және медиация негіздері бойынша оқыту семинары болды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, облыстық ассамблея басшылығы, құрылымдары, облыстық сот, прокуратура, құқық қорғау органдары және кәсіподақ өкілдері, аудан әкімдері орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар мен студент жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Еліміз егемендік алған уақыттан бергі кезеңде, өзінің құқықтық саясатының басты бағыты ретінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерінің қорғалуына негізделген құқықтық мемлекет құруды таңдағаны мәлім. Осы орайда медиация институтының сот төрелігін жүргізудегі рөлі туралы облыстық соттың бітімгер судьясы Клара Қаниева айтып өтті.

Ал, мектептік медиацияны дамыту бойынша кәсіби медиатор, Қызылорда қаласының Белкөл кентіндегі №189 орта мектептің педагог-психологы Ботакөз Мадирова тұщымды ойларын ортаға салды.

«Дауласқан жандарды бітімге келтіру жүгі ауыр болғанымен қандай сауапты іс екенін және бойымды қандай мақтаныш сезімі кернейтінін ең бірінші дауды шешкенде байқадым. Мектеп қабырғасында педагог пен білім алушы оқушының ата-анасы арасындағы кикілжіңді көріп, дауды ушықтырмай тез арада медиация тәсілімен шешуге әрекеттендім. Медиация кабинетіне әуелі әріптес ұстазды, келесі жолы ата-анаы шақырып, мән-жайды байқағаннан кейін, екі тараптың басын қосып медиация процедурасын бастадым. Тараптар өз пікірлерін бір-біріне толық айтып, ұсыныс талаптарын білдіріп келісімге келді. Басында бұл дауды шешуге қорыққаныммен кейін екі тарап бір-біріне күлімдеп, кешірімдерін сұрап, достасып кеткенде жағымды қуат алғандай болдым. Осындай жүйелі жұмыстар өз кезегінде ішкі тұрақтылықты сақтап, ұжым мен оқушылардың, ата-аналардың татулығын арттыруға оң септігін тигізеді. Қазіргі таңда, оқушылар арасында ынталы жастар іріктеліп, жас бітімгерлер қатарына қосу жұмыстары жүргізілуде. Себебі, оқушылардың ұстазға қарағанда өзі қатарлас оқушыға ішіндегі жан сырын айтуға жақын болады. Оқушылар арасында түйіткілді мәселе анықталған жағдайда оқушы-медиатордың жәрдемі ерекше көмек болады. Психологиялық тұрғыда, жасөспірімдердің қоршаған ортаның әрекеттерін қабылдауы өзгешеленіп тұрады. Ақыл тоқтатқан, жасы үлкен кісілерді бітімге шақыру бір бөлек болса, өтпелі кезеңде және түрлі әлеуметтік сатыдағы қарама-қайшылықтарды көріп жүрген жасөспірімдерді татуластыру ювелирлік дәлдікті талап етеді десек артық болмас. Себебі, бір дұрыс таңдалмаған сөз жасөспірімнің психикасына кері әсерін тигізіп, сәйкесінше болашағына нұқсан келтіруі де мүмкін»,- деді ол.

Мұнан соң Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов өңірдегі медиация институтының дамуына, бітімгершілік бағытында жүзеге асырылған толымды жұмыстарға тоқталып, өңірде медиация саласын дамытуға сүбелі үлес қосып, еңбегімен көзге түскен медиаторлар мен сала мамандарын марапаттады. Айта кетейік, облыс бойынша медиаторлардың көмегімен 2453 дау бойынша келісім орналытылып, дауласушы тараптар ымыраға келген. Қоғамдық медиаторлармен барлығы 785 дау шешілсе, оның ішінде 238 дау бойынша сотқа дейін, 254 дау бойынша сотта медиациялық келісім орнатылған. Ал 293 дау қоғамдық медиаторлардың кеңес беруі нәтижесінде тоқтатылған.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея