Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 13 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 27.11.2019Қаралғаны: 137 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ҚАРАЛДЫ

Қызылорда облысы бойынша  экономикалық тергеу департаментімен, жыл басынан бері 19 қылмыстық іс «Е-қылмыстық іс» электронды форматында тергелді.

 «Электрондық қылмыстық іс» жобасы экономикалық тергеу органдарында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. 

Аталған бағдарламамен және Қазақстан Респуликасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық  даму жоспары негізінде, құқық қорғау және сот органдарына  қылмыстық істерді кезеңді түрде электронды форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету тапсырылған.

Бекітілген цифрландыру кестесіне сәйкес, экономикалық тергеу қызметі азаматтардың өтініштерін қарау процестерін қосқанда, 2018 жылдан бастап онша ауыр емес және орташа қылмыстардың электронды істерін тергеуге көшті, 2021 жылға дейін барлық санаттағы қылмыстарға көшу жоспарлануда.

Электронды қылмыстық істерді жүргізу, қылмыстық процесті –қылмысты тіркеуден, сотқа дейінгі тергеу, соттың істі қарауы және жазаның орындалуына дейін толық қамтиды. Тергеу барысы онлайн режимде, қадағалаушы прокурорға, сондай-ақ Қылмыстық процессуалдық кодекспен белгіленген көлемде, қорғаушы жаққа  да қолжетімді болды.   

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея