Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 13 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 26.11.2019Қаралғаны: 154 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 15 АДАМДА АИТВ АНЫҚТАЛҒАН

 

Қызылордада қатерлі АИТВ/ ЖИТС дертінің алдын-алу , оның жұғу жолдарынан сақтану, қорғану мақсатында 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында «Қоғамдастықтың маңызы» ұранымен түсіндірме шаралары өтуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялр қызметінің ақпарат алаңында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Салтанат Балықбаева.

«Үстіміздегі жылдың 10 айында адамның иммундық тапшылық вирусы салдарынан 15 адам анықталды. Оның 7-і ер адам, 8-і әйел адам. Вирустың жұғу жолдары: спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде және көп мөлшері қанмен келеді. Яғни, жыныстық қатынас арқылы, есірткі тұтыну , анасынан нәрестеге жұғуы арқылы.Сонымен қатар,адамдар өзіне, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарамайды, мінез- құлықтың қауіпті түрлерін жүргізеді», – деді Салтанат Шамиқызы.

Сонымен қатар, сала мамандары зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтынұстануға шақырды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея