Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 13 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 25.11.2019Қаралғаны: 147 рет
«БЖЗҚ» АҚ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ШАРАСЫНА ШАҚЫРАДЫ

Тақырыбы: «Зейнетақыны жоспарлау»

 

2019 жылдың 29 қарашасында таңғы сағат 10.00-де Қызылорда қаласы, «Нұр-Отан» партиясы филиалының ғимаратында Ы. Жахаев нөмірсіз мекен-жайында «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі.

Аталмыш шара барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары мемлекеттік/ мемлекеттік емес органдардың: тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсететін қоғамдық бірлестіктер, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдерімен бірлесе отырып, болашақ зейнетақыны жоспарлау бойынша ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

Қор мамандары бұған қоса зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңыздылығы туралы әңгімелеп, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны жоспарлау жолдарын үйретеді және Қордың салымшылармен байланыс жасау арналары туралы мағлұматтар береді. 

Шараға қатысушылар тек күн тәртібіндегі тақырып бойынша ғана емес, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі, сондай-ақ өздерінің жинақтары туралы да сұрақтарға тиянақты жауаптар алады.

 

«БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшылары мен алушыларын және барлық ниет білдіруші азаматтарды «Ашық есік күні» шарасында күтеді!

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея