Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 13 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 25.11.2019Қаралғаны: 125 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫ ҚАШАН АШЫЛАДЫ?

 

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Қызылордадағы шыны зауытының ашылатынын айтты.

«Шыны зауыты бүгінгі таңда жұмыс істеп тұр. Мердігер компаниялар келесі жылдың наурызында алғашқы пешті іске қосып, арада тағы үш ай өткеннен кейін Астана күнінде (6 шілдеде) алғашқы сынақ ретіндегі қазақстандық әйнекті дайындайды. Әзірге шешілмеген бірқатар сұрақ бар. Шыны зауыты бойынша жергілікті атқарушы органның өз міндеттемесі барын айта кеткім келеді. Ол – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізіп, теміржол желісін жеткізіп беру», – деді Қуанышбек Ысқақов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Аймақ басшысының айтуынша, теміржол желісін тарту жұмысы – осы жылдың желтоқсан айының ортасында аяқталады.

«Біз сонымен қатар, Қызылорда облысының индустриалық картасын әзірледік. Оның атауы – «Қызылорда облысының индустриялық мүмкіндіктері», – деді Қуанышбек Ысқақов.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея